Сіз білмейтін!

Сіз білмейтін!

Өмірден шаршап жүрсіз бе? Бір сәт болса да тыныштық табыңыз. Алдымен төмендегі деректерге көз жүгірте отырыңыз...

1. Лондонда 1918 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бір дүкен бар. Бұл дүкеннің басты артықшылығы - адамның көз жасын сатады. Мысалы, ашумен, түшкірумен, пияздан, күлкімен шыққан көз жас дегендей...

2. Ерте кездегі үндістер суда серуендеуге тыйым салған...

3. Жас кокос жаңғағының сұйықтығын қан ауыстыру плазмасының орнына пайдалануға болады.

4. Араб әмірлігінде әйелдердің көлік айдауына тыйым салынған, бірақ, ұшақ жүргізулеріне шектеу жоқ.

5. Қатты жер сілкінісі Жердің айналу жылдамдығына әсер етуі мүмкін. Демек, күннің ұзақтығына да... 

6. Жапонияда ән салатын жолдар бар. Көлікпен белгілі бір жылдамдықпен кетіп бара жатып естуге болады. 

7. "Горилла" ұғымы грек сөзінен шыққан. Мағынасы - "ұзын шашты әйелдер тайпасы".

9. Жер астында көрінбей жатқан судың мөлшері өзен-көл, мұхиттың жоғарғы бетіндегі су мөлшерінен 10 есе көп.

10. "Мазда" автокөлігінің атауы зороастризм ілімінің құдайы Ахура Мазданың құрметіне қойылған.

11. Американың байырғы халқы Еуропаны біздің заманымызға дейін 60 жылдары ашқан екен...

сурет:samogo.net

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига