Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Зерттеушілердің қызықты твит-жазбалары

Зерттеушілердің қызықты твит-жазбалары

Зерттеушілердің қызықты твит-жазбалары

Зерттеушілер десе көз алдымызға көзілдірік киіп, тар бөлмеден шықпайтын адамдар елестейді. Бірақ интернетте өздерінің қызықты жазбаларымен бөлісетін белсенді зерттеушілер де бар. Бүгін далада зерттеу жүргізетін мамандардың твиттер-парақшасында жарияланған жазбаларды ұсынамыз.  

Сіз медуза ішіндегі балықты көріп пе едіңіз? Біз қыстың қамын қамдап жүрген кезде, Сауд Арабиядағы зерттеушілер тобы Қызыл теңіздегі су асты фаунасын бақылап жүр. Бұл жерде ауа температурасы шамамен +30 °C, сондықтан жас ғалымдар жазба жұмысы үшін судан шығып әуре болмайды. Олардың барлық құрылғылары су асты жұмыстарына арналған.  

АҚШ зерттеушісі Фейн Гринвуд тәжірибе арқылы тазартқыш-асшаянның адам ауыз қуысын тазартатынын дәлелдеді. Ол үшін деміңізді іште ұстасаңыз жеткілікті. 

Кембридж университетінің Зоология мұражайының директоры Джек Эшби Тасмания аралын мекендейтін сүтқоректілерді зерттеумен айналысады. Ол өз твиттер парақшасында кенгуру, қалталы аю, ехидна секілді жануарлардың суреттерін жариялаған болатын. Оның жұмысының ең қызықты сәті – зерттеуден кейін жануарды қайта табиғатқа жіберіп, оны видеоға түсіру. 

Аустралиялық орнитолог Йоханна Мартенс тоты құстарды зерттеумен айналысады. Бірақ, оның парақшасында басқа құстар жайлы "твит" те кездеседі.

Сәтсіздіктер

Америка палеонтологы Джулия Макхью ежелгі омыртқалы жануарларды зерттеу саласында қызмет етеді. Жақында ол әлеуметтік желіге өзінің жұмысындағы сәтсіз оқиғаны жариялады. Жерде миллион жыл бойы жатқан маңызды палеонтологиялық табысты айналдыру барысында олар қателік жіберген. Нәтижесінде олардың табысы жерге дүрс құлап, сынып қалды. Видеодан оның әріптестері қалай шулап жатқанын байқауға болады. Ол "сәтсіз палеонтолог" деген тегпен жазба жариялаған болатын. Оның жазбасын көрген өзге әріптестері өкініштерін білдірді. Джулия бұл видеоны өзінің әріптестеріне алдын ала ескерту ретінде жариялаған. 

Биология ғылымдарының кандидаты, Аустралия зерттеушісі Луиза Тозетто, өзінің сәтсіз жұмысымен бөліскен еді. "Камерамның орналасқан аймағына таңғалып отырмын",– деп әзілдеді ол. 

Антон Сорокин америкалық Висконсин – Милуоки Университетін аяқтаған. Бүгінде Шығыс Каролина Университетінің аспирантурасында білім алып жатқан ол уақытының басым бөлігін улы бақаларды зерттеуге арнайды. Сонымен қатар, ол жабайы жануарларды суретке түсіруді жақсы көреді. Әлеуметтік желідегі парақшасында салпыеріннің қызықты суретін жариялап, өзінің сәтсіз оқиғасымен бөліседі: "Мына салпыерін (тапир) мені таптап кете жаздады. Жабайы жануарлармен "кездесуімдегі" ең қорқынышты сәт осы болса керек. Мен жолықтырған ең ессіз жануар да – осы".

Салпыеріннен орман жағалай қашқан Сорокин артына бұрылғанында жануардың тұмсығын байқайды. "Мені тістеп алатындай болып көрінді" – деп еске алады биолог. Оның сөзіне сенсек, әдетте салпыеріндер адамдарға шабуыл жасамайды. Тіпті, зерттеушілер оларды бананмен қоректендіреді. "Бұл жабайы жануарлардың қандай жағдай болмасын жабайы болып қалатынын еске салды. Адамдарға үйренген жануарлар кейде қауіпті болуы мүмкін", – дейді Сорокин өз жазбасында.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: iz.ru
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2019, 10:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.