Ұшақ салонындағы ең лас орын

Ұшақ салонындағы ең лас орын

АҚШ-тың микробиологтары ұшақтағы ең лас орынды тапты. Көпшілік ойлайтындай бордтағы денсаулық үшін ең қауіпті орын дәретхана емес болып шықты.

Ұшақтың 10 түрлі аймағына зерттеу жүргізген ғалымдар салоннан адамға зиян мыңдаған бактерия (Serratia Plymuthica, ішек таяқшасы, клебсиелла т.б.) тапқан.

Нәтижесінде ұшақтағы ең лас орынның орындық артындағы қалташа екендігі анықталған. Дәл осы жерде жолаушылар өздерінің жеке заттарын сақтайды. Қалташада қарапайым азық-түліктен бастап, пайдаланылған бет орамалға дейін жатуы мүмкін. Дегенмен жолаушы тасумен айналысатын компаниялар бұған аса назар аударып, қаупсіздік шараларын жасамайды. Қалташада түрлі зиянды бактериялардың көп болуының басты себебі осы. Орындықтың артындағы орналасқан ас ішетін үстелдің де бактерияларға "бай" екендігі анықталған.

Бұл келеңсіз жағдайды жою үшін ғалымдар тасымалдаушы компанияларды ұшақ салонында дизенфекциялық шараларды жиі жасап отыруға шақырды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: avanturist.org