Жаңа сканер минутына 250 парақты сканерлей алады

Жаңа сканер минутына 250 парақты сканерлей алады

Осыдан бірнеше жыл бұрын Токио университетінің мамандары 150 парақтан тұратын кітапты бір минутта сканерлей алатын сканер жасап шығарған еді. Араға уақыт салып, ғалымдар өздері жасаған техниканың мүмкіндігін жоғарылатып отыр. Соның бір дәлелі - жақында ғана құрастырылып шыққан BFS-Auto атты сканер. Ол минутына 250 парақтан тұратын кітапты үздіксіз сканерлей алады.   

Мұндай мүмкіндік сканердің кітап парағын шапшаң түрде ашып, парақ бетін жоғары дәлдікпен көшіре алуында болып отыр.  

Сканер әр парақты санау деформациясын секундына 500 рет жиілігімен жасай отырып, құжат түрінің цифрлық нұсқасын жоғары сапамен бейнелейді. 

Жоғарыда жазғанымыздай, сканердің орташа жылдамдығы - минутына 250 парақ. Ал бейне сапасының мүмкіндігі бір дюймге 400 нүктеден келеді. BFS-Auto нарық саудасына алдағы жылы шықпақ.


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет