Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Шыбындар, қайда кеттіңдер?

Шыбындар, қайда кеттіңдер?

Шыбындар, қайда кеттіңдер?

Әне-міне дегенше, қаламыз ақ көрпеге оранып сала берді. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жауып жатқан ақ ұлпа қардың қызығына батып жүр. Олардың бірі де ортамыздан күрт жоғалып кете барған тіршілік иелері туралы ойланар емес. Ал сіз ше? Ойландыңыз ба? Көктем, жаз, тіпті күздің алғашқы айларында құжынап, ызыңдап, мазаңызды алып жүретін, қантқа, тосапқа, тағамдарға тыныштық бермейтін қас дұшпанымыз шыбындар қайда кетті? Жылы жақтарға ұшып кетті дейсіз бе? Не дейсіз? Аюлар секілді қысқы ұйқының құшағында ма? Қателестіңіз. Сауалымыздың  жауабы төмендегідей болмақ.

Бәрінің себепкері - бір ғана табиғат. Немесе табиғат маусымдары. Көктем кетіп, жаз келеді. Жаз да қолын бұлғап, күзге кезегін береді. Дәл осы сәтте жаз бойы масайраған шыбын-шіркейлер де қыстың қамына кірісе бастайды екен. Оны өзіңіз де байқаған боларсыз, күзде олардың қатары сиреп кетеді. Олар ағаштардың қуысына, үйдің шатырларына жайғасады. Шыбындар осы мекенге жата қалып, ұйқыға басады екен деп ойлап қалмаңыз. Күн суытысымен, олар дернәсілге, қуыршаққа, имагоға айналып, сол жерде біржола қалып қояды.


Қыс айларында тірішілік процесі біржола тоқтап, анабиоз қалпына түседі. Ал күн жылысымен, жәндіктерге жан бітіп, қайтадан өз қалына келеді де, бұрынғы тіршіліктерін жалғастыра береді. Үй шыбындары шатырларға немесе терезе жақтауларына қыстайтын болғандықтан, бөлмеңіздің температурасы жоғары болса, тіршілігін жалғастыра береді.

Жүзгіш қоңыздар мен шегірткенің кейбір түрлері суда қыстаса, көбелектер жылы жақтарға ұшып кетеді. Олар көбіне АҚШ, Канада, Флорида, Орталық Америка, Куба жерлеріне қыстауға барады.

 Суреттер:liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4984 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 03:49
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 09:11

:D өліп қалмаса болды ;)

+0
21 қараша 2012, 09:55

Қымбатты, құрбым! Мақаланың соңында түсіндірме сөздікті келтіре кетсеңіз дұрыс болар ма еді деген ойымыз бар. Мысалы, дернәсіл - ..., имага - ..., анабиоз - ..., деген тәрізді. Сонан кейін, «жылы жаққа» – қыстауға бара ма әлде, жайлауға ма? )

+0
21 қараша 2012, 11:36

үйге от жаға бастағаннан ақ шыбындар қайта тіріліп алады, бірақ жаздағыдай емес әлсіз болады

+0
21 қараша 2012, 12:16

кобелектер жылы жакка ушып кететинин билмепиинн :o

+0
21 қараша 2012, 12:45

Бала кезімде "шыбындар ешқайда кетпейді, тек бір қысқа "өле тұрады", сосын тіріледі" дегенді естіп, күн суытқанда бір өлген шыбынды терезенің алдына қойып қойғам қалай тірілетінін көрейін деп, басында тексеріп тұрдым, бірақ ешқандай да дернәсілге айналған жоқ, мамам да "қайдағыны шығарма" деп ұрысты, сөйтіп "ғылыми зерттеуім" сәтті болмады, мен ол жайында мүлде ұмыттып кетіппін(((

+0
21 қараша 2012, 12:52

Біздің үйде әлі жүр шыбын. :(

+0
21 қараша 2012, 15:12

онда үйіңіз жылыыыыыыыыы шығар :)

+0
21 қараша 2012, 15:51

Ал бақа, жылан, кірпілер ше? Олар қайда қыстайды?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...