Яндекс.Карта Алматыны адаспай аралауға мүмкіндік беріп отыр

Яндекс.Карта Алматыны адаспай аралауға мүмкіндік беріп отыр

Яндекс.Карта жобасы енді қала ішіндегі қоғамдық көліктердің бағытын жаңылыспай табуға мүмкіндік беретін болды. Яғни ендігі жерде Яндекс қолданушылары қаланың бір нүктесінен екіншісіне жету үшін Яндекс.Картасына зер салса болғаны, екі нүкте аралығына қандай қоғамдық көлік баратынын біле алады. 

Мысалы, Бөкейханов көшесінен Гогольге дейін №13 автобуспен жете аласыз.

Яндекс.Карта қолданушыларға бағыттың ең оптималды түрін таңдап береді. Онда бағыттың көлік тығынынан таза екені де көрсетілетін болады. Одан бөлек, жолаушыларға жолдың қашықтығы, жету уақыты, орташа жылдамдық және аялдамада күту уақыты та көрсетілетін болады. Яндекс.Карта Алматы қоғамдық көліктерінің барлық бағыттарын қамтиды. Мұндай қызмет түрі елімізде алғаш рет пайда болып отыр. 

Яндекс.Карта қоғамдық көліктердің бағытын тек веб-қызметінде ғана емес, сонымен бірге iPhone және Android түрінде де ұсынып отыр. Аталған қосымша арқылы сіз сапарыңызды алдын ала оп-оңай жоспарлай аласыз. Бастысы - интернет болса болғаны. Яндекс.Карты қызметінің мобильді нұсқасын App Store немесе Google Play арқылы жүктесеңіз болады. 

Сондай-ақ Яндекс.Картада қаланың толық картасы мен спутниктік нұсқасы да көрсетіледі.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz 

Б. Қосмағамбет