Сіз білмейтін!

Сіз білмейтін!

Біздің әлем біз ойлағаннан әлдеқайда қызықты әрі өзгеше құрылған. Әр күн сайын күтпеген, мүлдем естімген нәрселер орын алып жатады. Ендеше, жер шарындағы ең қызық дейтін деректер топтамасы!

1. Ақ киттің жүрегі "Фольксваген Қоңыз" көлігінің көлемімен бірдей.

2. Нью-Джерсидегі Крескилл қаласында бүкіл мысықтардың мойнына 3 қоңыраудан тағылуы тиіс. Құстар олардың қай жерде жүргенінен хабардар болуы керек.

3. Акулалар туылмай жатып-ақ адам баласына қауіп тудыра алады. Жақында жүкті акуланың ішін ашып көрген Стюарт Спрингер есімді ғалымды эмбрион (ұрық) тістеп алған көрінеді.  

4. Қолтырауынның жақ-сүйегінен босау үшін көзіне қарай үлкен саусақпен сес көрсету қажет.

5. Хамелеонның тілі өз денесінен екі есе ұзын болып келеді. 

6. Желаяқ бастау сәтінде (старттан) жарыс көлігін 10 метрге дейін озып кете алады. 

7. Колибрилер артымен алға қарай ұша алатын жер бетіндегі жалғыз ғана құс. 

8. Алып Комодо кесірткелері тіпті қабан мен бұғы-маралдарға шабуыл жасай алады. 

9. Әр төртінші америкалықты телевизордан көрсеткен... 

10. Кәдімгі жаңғақты шағу үшін ыстық суға 48 сағат бойына салып қойсаңыз жетіп жатыр. 

11. Хеопс пирамидасы тастарының арасына пышақ тұрмақ, ұстара жүзі өтпейді.

12. Бұғыларды аңшылардан гөрі көлік жүргізушілері көп өлтіреді. 

13. Бесінші қабатттан құлаған егеуқұйрық ешқандай жарақатсыз түседі.

14. Жер бетінтегі ең көп таралған тіл - қытай тілі. Екінші орында испан тілі тұрса, үздік үштікті ағылшын тілі қорытындылайды.

15. Африкада әр қырық адамның біреуі ғана телефон ұстайды. 

Ал сіз қандай қызықтарды білесіз?

сурет:ejin.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига