Ғажайып шар шатыр

Ғажайып шар шатыр

Cocoon деп аталатын шатыр жабайы табиғат аясында демалғысы келетіндер үшін таптырмас жай.

Шар тәрізді шатыр альюминий мен брезенттен жасалған.

Диаметрі 3 метр шатырға екі турист оңай жайғаса алады.

Сонымен қатар, ішінде күні бойы жағалауды аралап шаршап келген жан үшін мамық матрас та бар.

Әдетте түн ішінде қандай да бір аң құстан қорқатын жандар үшін енді еш қорқыныш жоқ. Өйткені бұл шатырды ағаштарға жақсылап байлап қойып, үстінде еркін жата беруге болады.

Басқа шатырлардан ерекшелігі де сонда.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

А. Әбілхан