Жапондық фотостудияда 2D-суреттің орнына 3D-мүсіні беріледі

Жапондық фотостудияда 2D-суреттің орнына 3D-мүсіні беріледі

Токиодағы «Party» студиясы жер бетіндегі бүкіл, күллі фотостудиялардан ерекшеленеді. Яғни қарапайым суреттің орнына 3D мүсініңізді сыйға тартады. 

Алдымен арнайы сурет түсіретін ортаға алып келеді. Сосын асықпай жүріп фотогроф (немесе скульптограф десек дұрыс болар) кескініңізді қол жұмысы арқылы 3D-сканерге түсіріп алады. 

Одан кейін аталған кескіндеме компьютерге салынып, бірнеше бояулар қосылады: шаштың түсі, тері құрылымы... Ақырында 3D-принтерден шығуға беттеледі. 

Нәтижесінде үш пішіннің (тапсырыс берушінің айтуы бойынша) біріндегі мүсінді ала аласыз: 0, 15 және 20 см.

сурет:voxpopuli.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига