Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Әлемдегі ең адал жұп - әлемдегі ең бақытты отбасы

Әлемдегі ең адал жұп - әлемдегі ең бақытты отбасы

Әлемдегі ең адал жұп - әлемдегі ең бақытты отбасы

107 жастағы Карам мен 100 жастағы Катари Чандқа бүгінде бүкіл әлем қызыға да қызғана қарайды. Өйткені, олар бүгінгі күні әлемдегі ең адал жұп ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр. Өйткені, олар 87 жыл бойы қосақталып бақытты ғұмыр кешіп келеді.

Бақытты жұп Үндістандағы Пенджаб қаласында отау тігіп, бертін келе Англиядағы Бреэдфордқа қоныс аударған. Бүгінгі таңда пешенеге жазған 8 бала мен 28 немеренің ата-әжесі.

Адалдықтың ақ туын желбіреткен жұп бір-біріне ешқашан қатты сөз айтып көрмеген. Тіпті, ренжісіп қалған жағдайдың өзінде мақтамен бауыздаудан аса алмапты. Және Карам отбасының отағасы болған соң үнемі күлдіргі әңгімелер айтып, жан жарының көңілін табуға тырысса, Катари да әйелге тән қулықпен ерінің көңілінен шығып отыратын көрінеді.

Семіз биенің бүйрегіндей салмақтауға келетін сары ала сабыр - мәңгілік бақыттың басты құпиясы. Әсіресе, Карам ол жағынан келгенде нағыз төзім мен болаттай қайраттың иесі болып табылады. Ол үнемі әйелін түсінуге тырысып, темекі шегу, арақ ішу секілді жаман қылықтарға аттап баспайды екен. 

Ең бастысы, екеуі тағы да 80 жыл отбасылық ғұмыр кешсек дейді. Қылжақбас Карам мен Катаридің ендігі бар армандары осы... 

суреттер:smartbooka.net

дайындаған: Фараби Арыстанбек

6077 11
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 09 қараша 2012, 18:18
Пікірлер
+0
09 қараша 2012, 16:29

Құтты болсын! Келесі жылы осы уақытта кішкентайлы болсын))

+0
09 қараша 2012, 16:36

Қызыға да, қызғана да қарадым )

+0
09 қараша 2012, 16:58

әр қазақтың отбасы осындай болсын!!! Енді бір қазақтың жақсы қызын алсақ, құдай қаласа :)

+0
09 қараша 2012, 17:13

ең адал деген қандай мағынада?

+0
09 қараша 2012, 17:48

Атамыз фотогенишный ғой :)

+0
09 қараша 2012, 18:15

енді 3 жыл аман болса, отасқандарына 90 жыл болады екен! Аман болсын!

+0
09 қараша 2012, 19:05

Je veux chanter ce soir

+0
09 қараша 2012, 20:15

атамыз фото күліп күшті түседі екен :lol: :D

+0
10 қараша 2012, 10:50

мәәәә қандай күшті мынау

+0
10 қараша 2012, 12:50

отбасы болса жақсы, болмаса несі жақсы....

+0
10 қараша 2012, 15:33

керемет екен, сүйгеніңмен қартайғанға не жетсін?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...