Біртүрлі өнертабыстар - 2

Біртүрлі өнертабыстар - 2

Сіздерді әлемдегі ең қызықты өнертабыс түрлерімен таныстыруды әлі де жалғастырмақпыз. Күрделі конструкциялы болмаса да, адамның күнделікті өмірі үшін жарап тұр.

Егер тамақтанғанда шашыңыз кедергі жасаса...

Егер биік өкшелі аяқ киіммен "достаса" алмасаңыз...

Студент, мына өнертабыс сізге арналған екен

Телефоныңызға хат келсе, орныңыздан тұрып барып оны іздеудің не қажеті бар? Мына жерге жайғасса...

Еңбек демалысына кетіп барасыз ба? Ал кеңседегі аквариумға кім бас-көз болмақ? Оны да ала кетіңіз!

Торт үшін шам мен қасықтарды бөлек-бөлек алудың қажеті жоқ секілді, меніңше

Еден сүртер балаларға арналған мына киім үлгісі қай анаға болса да керек-ақ

Қыста алма жегіңіз келсе, жазда оны киіндіріп қойыңыз!

Мынаны аяғыңызға іліп алыңыз да, ас үйде жүріп-ақ аяқ киіммен қоқыс тазалай беріңіз. Иә, аяқ киіммен! Сыпырғы мен қоқыс салғышты әкеліп сыпырып алудың дымға да керегі жоқ.

Баспалдақтар да киім салуға жарап тұр

Егер тоңазытқыштан сіздің бутербродыңызды біреудің ұрлап алатынына күмән келтірсеңіз, дереу оны мынадай пакетке салып қойыңыз. Сырты бояу пакеттің ішіндегі тамақты өзіңізден басқалар көгеріп кеткен екен деп жеуден бас тартады.


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

А. Әбілхан