Әлемдегі ең кәрі мұғалім - әлемдегі ең мықты адам!

Әлемдегі ең кәрі мұғалім - әлемдегі ең мықты адам!

"Өмір сүр - өмір бойы оқы!" Кімнің сөзі? Әрине... Аустралиялық Джеффи Шнайдер Гиннестің рекордтар кітабына әлемнің ең кәрі мұғалімі болып енді.

Жақсы тоқсанның тобығына келсе де жұмыс істеуден қажып көрмепті. Жұмыс орнына адал азаматтың ақ тілегін білмегендіктен аяп та отырған боларсыз. Әрине, жарты өмірі Сиднейдің бір мектебінде бастауыш сыныптарға сабақ берумен өтті. Одан қалса азғантай ғана ақша қай жыртығын жамасын. Одан қалса...

Есесіне Аустралияның белді әрі белгілі тұлғалары кезінде осы кісінің қолынан шыққан. Және әлемнің жыртығын жамап, кемтігін толтырып жатқан сол азаматтар.

Джеффри Шнайдер, әлемдегі ең кәрі мұғалім:

 - Білесіз бе, менің қолымнан қанша оқушының шыққанын санап көрмеппін. Қазір ойласам, мүмкін еместей көрінеді! Шындығы сол, мамандықпен осыншама өмір сүріп келгенім шәкірттердің арқасында. Олар маған қуаныш сыйлайды және жас болып қалуыма көмектеседі. 99 жастың өзінде де!

сурет:oboi.ws

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига