Неге мұңды әуендер чарттарда көш бастайды?

Неге мұңды әуендер чарттарда көш бастайды?
Фото: Томирис Ескали

Сіз рокты тыңдайсыз ба? Классика? Мүмкін, шетелдік поп-музыка қатты ұнайтын шығар? Әлде сіздің талғамыңыз ерекше ме: онда Моцарт, Лепс, Рианна мен 91 тобына да орын табылып қалар.  Қандай жағдай болмасын, музыка сіз үшін ерекше күшке ие болса, бұл мақалада жазылатын ақпараттар сізді таңқалдырмай қоймасы анық. Өйткені, біз бүгін музыкалық чарттарда алдыңғы қатарды жібермейтін мұңды, баяу ырғақты әндердің құпиясын ашпақпыз.

Daily Mail парақшасының мәліметіне сүйенсек, хит-парадтардың көшін бастайтын әуендердің бір қатары мұңды әрі баяу ырғақты. Gossip Popbitch сайтының мамандары бұл пікір негізінде сараптама жасап,  Ұлыбританияның хиты болған 2017 жылдың әуендерінін қатарында ликрикалық композициясының жиі кездескенін айтты: соның ішінде рэпер Post Malone-ның «Rock Star» әні, Сэм Смиттің орындауындағы «Too Good At Goodbyes» және әлемдік хит «Shape of You» бұл қатарда көш бастап тұр.
Егер сандық ақпарат беретін болсақ:  2017 жылы хит болған әуендердің 87%-ы  мұңды әндер, ал, 2016 жылы бұл көрсеткіш небәрі 62% болатын.

2012 жылы «Psychology of Aesthetics, Creativity, and the Arts» журналында жарық көрген мақалада соңғы 50 жылдағы үздік 1000 әуеннің зерттеу қорытындысы жарияланған еді. Ғалымдар сол уақытта мынандай тұжырымға келген: уақыт өткен сайын музыканың ырғағы баяуланып, олардың мұңды үні артып келеді.


«Ырғақты әндер балалар музыкасына тән болып барады, олар сәннен біржола шығуы мүмкін» – деген пікір қалдырды Торонто Университетінің психолог маманы және музыка әсерінен туындайтын эмоцияларды зерттеуші ғалым Гленн Шелленберг (E. Glenn Schellenberg).

Сонда бұл біздің жаһандық «музыкалық күйзеліске» душар болғанымыздың белгісі ме? Әрине, бұл нұсқаны қатардан алып тастай алмаймыз, бірақ, үлесі төмен екенін назардан шығармау керек. Өйткені, биыл тек мұңды әндер емес, керемет көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әуендер де біраз уақыт тойларда билеп, кештердің сәнін кіргізген.

Сізге қандай әндер ұнайды?

Т. Есқали