Адамның жасына байланысты атаулар

Адамның жасына байланысты атаулар

Қазақ халқы адамның өсу мезгілін әр кезеңдерге бөліп, бұл мезгілдерді жеке-жеке атаулармен атаған. Ал бүгін кейбір атауларды дұрыс қолданбаймыз. Бала, жігіт, орта жас, егде, шал деп бөле салып жүрміз. Әр сөзді дұрыс қолдану үшін осынау түйіндерге назар аудара жүрелік. 

  • 1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
  • 1 жастан 10 жасқа дейін - сәби
  • 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
  • 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
  • 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
  • 6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
  • 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
  • 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
  • 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
  • 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
  • 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек,  кәрі қыз, келіншек
  • 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
  • 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
  • 60 пен 70 жас аралығы - қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
  • 70 пен 80 жас аралығы - ақсақал, ақбұрым
  • 80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
  • 90 мен 100 жас аралығы - селкілдек шал, селкілдек кемпір
  • 100 жастан жоғары - кейуана, баба

Мүшел жас

  • мүшел -13 жас (ер жете бастау)
  • 2 - мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
  • 3 - мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
  • 4 - мүшел – 49 жас (орта жас)
  • 5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
  • 6 -  мүшел – 73 жас (қарттық)
  • 7 – мүшел - 85 жас (кәрілік)
  • 8 - мүшел – 97 жас (қалжырау)
  • 9 - мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
  • 10 – мүшел -121 жас (немене сүю)

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: egemen.kz

Қ. Қауымбек