"Нобель апталығы-2012" басталды

"Нобель апталығы-2012" басталды

Стокгольм және Осло қалаларында 8-15 қазан аралығында Нобель сыйлықтарының 2012 жылғы иелерінің есімдері аталады.

Апталықты Стокгольмдегі Каролин медициналық институты жанындағы Нобель комитеті ашады. Сейсенбі және сәрсенбіде швециялық Корольдік ғылымдар академиясының Нобель комитеті физика және химия салаларындағы лауреаттарды атайды.

Нобель лауреаттарының есімдерін атау жұма күні Ослода жалғасады, мұнда Норвегиялық нобельдік комитеті бейбітшілікті нығайту бойынша жұмысы үшін сыйлықтың иесін немесе иелерін хабарлайды.


Жалпы биыл Нобель сыйлығынан 231 үміткер бар екен. Әрбір Нобель сыйлығын жеңген ғалымдарға 10 миллион швед кроны (бір миллион еуро) беріледі. Бұл сыйлықтан үміткерлер негізінен 50 жыл бойы құпия сақталып келеді. Тек 50 жыл өткеннен соң, ұйымдастырушылар үміткерлер есімін атайтын болады.

Айта кетейік, бұл сыйлық швед философы, лингвисті, өнер тапқышы Альфред Нобель (1833-1896) құрметіне арналған. Нобель лауреаты 1901 жылдан бастап беріліп келеді. Бүгінде бұл сыйлықты 853 ғалым жеңіп алған. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: synews.ru

У. ҚОСАНБАЙ