Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Суретке түсудің алты әдісі

Суретке түсудің алты әдісі

Суретке түсудің алты әдісі

Жалпы әрбір кәсіби фотограф адамның өмірдегі бейнесі мен суреттегі бейнесі бірдей болмайтынын баса айтады. Суреттің дұрыс түсірілуі көптеген факторларға байланысты: адамның жеке сұлулығы, киімі, көңіл-күйі, тіпті иісі де! 

"Өмір – қозғалыс" деп алсақ, сол қозғалыстың бір ғана сәтінде адамның сұлулығын да, көңіл-күйін де, басқасын да білу үлкен өнерді талап етеді. Ендеше, суретке түсудің ережелерін біліп алыңыз:

1. Камера обьективіне фотографтың бұйрығынсыз қарамаңыз. Себебі сіз обьективке қарасаңыз, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, дене бітіміңіз, аксессуарларыңыздың маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Суретте тек көзіңізге назар аударылатын болса, фото сәтсіз шығады. Психологияның айтары да сол, егер адам суретте тіке сізге қарап тұрса, көрермен суретті бағалай алмайды. Мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз...

2. Суретке түскенде, басты тік ұстау да қате. Егер ер адамның суретінен оның күші, қуаты көрініп тұруы керек болса, қыздың суретінен мінезі, сұлулығы, еркелігі байқалуы керек. Дене бітімді толық алып түсу – көбіне балалар мен қарт адамдарға тән. Әлде дене бітіміңіз әскери немесе спортшыныкіндей болса, толық түсуге қарсы болмасаңыз да болады. Тағы бір ескертетін жәйт, фотографқа қарай еңкейіп түсуге әуес болмаңыз, өйткені мойныңыз бен тамағыңыздағы тері қыртыстары сұлулығыңызды көрсетпейді.

3. Қол-аяғыңызға ие болыңыз. Қолыңыз салбырап немесе жөнсіз көтеріліп тұрмауы керек. Жинақы болу – сіздің ішкі сеніміңізді көрсетеді. Егер сіз әртіс болмасаңыз, жасанды күлкіңіз жағымсыз әсер қалдырады. Сондықтан да «чиииз»-ді ести салып, тісіңізді ақситуға асықпаңыз. Ал егер шараңыз таусылып, күлуіңіз керек болса, тек суретке түсіруге бір секунд қалған кезде күліңіз. 3 секунд ыржиюдан соң сіз бәрібір де өтірік күлесіз.

4. Сіздің артқы фоныңыз суреттің сапалы шығуына әсер етеді. Сіздің теріңіздің түсі фонмен бірдей болмауы керек. Жұтылып кету қаупі бар. Фон түрлі-түсті болған жағдайда сурет сіздің барлық көңіл-күйіңізді өшіреді. Сондықтан да бір немесе екі түстен құралған фон жайлы болмақ.

5. Қолыңыз, иығыңыз, білегіңіз – барлығы да фотографқа көрінуі керек. Ешқашан да қолыңызды артыңызға қойып түспеңіз. Қолыңызды желкеңізге қойып түскен суретіңіз бар ма? Бар болса, дереу жыртып тастаңыз. Бұлай түскенде адамның омыртқасы қисайып, мойныңызды басыңыздан үлкен етіп көрсетесіз. Жеңі шолақ жейде кисеңіз және қолыңызда сағат немесе қандай да бір аксессуар болмаса, қалтаңызға салыңыз.

6. Адам көркі шүберек екенін де ұмытпаған абзал. Шашыңыздың сәніне көңіл аударыңыз. Іс-әрекет динамикасы жайылған шаш арқылы көрінеді. Шашыңызды алға тарасаңыз, көзіңізден бір сыр байқауға болатындай әсер қалдырады. Тартыла таралған, артқа қарай жатқызылған шаш салтанатты жағдайда ғана қолданылады.

Егер суретке түсіру өнерін меңгеремін десеңіз, мына бетке өтіңіз. 

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: baby.ru

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 18:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.