Тенере – әлемдегі «ең жалғыз» ағаш болған

Тенере – әлемдегі «ең жалғыз» ағаш болған

Африканың Тенере шөлінде өскендіктен «Тенере ағашы» деп аталған бұл акация тұқымдас тал, кезінде әлемдегі «ең жалғыз» ағаш болып есептелді. Себебі 400 шақырым радиуста басқа ағаш жоқ еді. Ғалымдар оның жасы шамамен 300-де екенін анықтады. Ағаш үш ғасыр бойы керуендерге бағдар болып, өзінше аялдаманың қызметін атқарған.

Қызығы сол, айдалада үш ғасыр бойы өскен Тенере ағашы 1934-1959 жылдар арасында «жол-көлік оқиғасының» құрбаны болған: оған машина соққан! Әдейі соқпаса, ми далада тап осы  талға машинаның келіп соғу ықтималдығы тым мардымсыз деген күдік бар. Дегенмен, француз этнографы әрі саяхатшысы Анри Лоттың мәлімдеуінше, бұл ағаш 1959 жылы әлі тірі болған.

Тенере ағашы. Талдың 1939 жылғы фотосы ©amusingplanet.comАғаштың 1939 жылғы фотосы

Тенере ағашы. Ағаштың 1969 жылғы фотосы ©amusingplanet.comАғаштың 1969 жылғы фотосы

Тенере ағашы. Ағаштың 1970 жылғы фотосы ©amusingplanet.comАғаштың 1970 жылғы фотосы

Қырсық шалғанда, жападан жалғыз тұрған бұл талға 1973 жылы тағы да машина соғып, ол ақыры сынып тынды. Ағаштың қалдықтары Нигер астанасы Ниамейдегі Ұлттық Музейге қойылып, орнына темірден ескерткіш орнатылды.

Тенере ағашы. Ағаштың орнындағы қазіргі ескерткіш ©amusingplanet.com

Ағаштың орнындағы қазіргі ескерткіш

jas.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
NASA ғарышқа жіберген картада не бейнеленген?
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Қазақ ғалымы қатерлі ісікті жазатын дәрі ойлап тапты
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
Зейнетақы тарихы және ең көп зейнетақы төлейтін елдер
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды
"Алтын қалам" Моңғолиядан келген Макинара Хайримге бұйырды