Әлемнің ең кедей президенті - әлемнің ең қайырымды адамы

Әлемнің ең кедей президенті - әлемнің ең қайырымды адамы

Уругвайдың президенті Хосе Мухиканы замандастары "әлемнің ең кедей президенті" деп санайды. 

77 жастағы Мухика президенттік айлығының бәрін түгелдей дерлік қайырымдылық шараларға аударып тұрады. Және осынысы үшін әлемнің ең кедей президенті (немесе ең қайырымды) болып саналмақ.

Ай сайын алатын 12 500 доллардың 1 250 долларын ғана қалтасына қалдырып, қалғанын өзі тиісті  деп санаған орындарға жібереді. "Өзіме алып қалған осы қаржы мөлшері тұрмыс-тіршілігіме жетеді," - дей келе, - Маған жетуі тиіс. Себебі, уругвайлықтардың тауып жатқан табысы мұнан да аз" -  деп айтады екен.

Президенттің сенаторлық лауазымда жүрген әйелі де жарты айлығын қайырымдылыққа жұмсайтын болып шықты. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар "Монтевидео" фермасында тіршілік сүріп жатыр.  Және осы уақытқа дейін алып көрген ең қымбат дүниесі яки көлігі бар-жоғы 1 945 доллар тұрады. Көлік аты - «Фольксваген Жук».

Мухакидің бірде-бір банкте есепшоты жоқ және қарыз да емес көрінеді. Ең қызығы сол, ол "Мануэл" дейтін итімен сырласқанды жақсы көреді екен.

сурет:mirfactov.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига