"Ақылды" фотокамера суретке өздігінен түсіреді

"Ақылды" фотокамера суретке өздігінен түсіреді

Британдық OMG Life компаниясы адамның араласуынсыз суретке түсіретін фотокамера жасап шығарды.

Autographer деп аталатын шағын ғана құрылғы GPS спутниктік навигация жүйесі, акселерометр, магнитометр, сонымен қатар, жарық сезгіш, температура сезгіш, инфрақызыл сәулелерді сезетін сенсорлармен жабдықталған. Датчиктерден келіп түскен ақрапаттарды талдап-саралай отырып құрылғы суретке түсіру сәтін өзі таңдайды.

5 мегапикселдік матрицасы бар Autographer 136 градус аймақты назарында ұстай алады. Bluetooth адаптерімен, 8 гигабайттық флеш-жадпен жабдықталған. Камера күніне 2000 фотосурет түсіре алады.

Айта кетейік, арнайы қосымша бағдарлама фотосуреттерді смартфон арқылы өңдеуге немесе басқа қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді. Бағасы 650 доллар болатын Autographer сатылымға 2012 жылдың қарашасында түседі деп жоспарланып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: betanews.com