Эйфель мұнарасын кішірейткендер Шнобель сыйлығын алды

Эйфель мұнарасын кішірейткендер Шнобель сыйлығын алды

Гарвардта Шнобель сыйлығының (Ig Nobel Prize) лауреаттары жария етілді.

Осымен 22-рет өткізіліп отырған "алдымен күлкі шақырып, содан соң ойға жетелейтін" шара 21 қыркүйекке қараған түні өткізілді. Сыйлыққа ие болғандардың ішінде құланның құйрығының қозғалу траекториясын түсіндіріп берген бір топ АҚШ және британ ғалымдары бар. Сонымен қатар, өлген балықтың миының активтілігін анықтайтын құрылғы жасап шығарғандары үшін АҚШ-тың нейрофизиктеріне құрмет көрсетілді.

ва

Құланның құйрығы

Әдебиет саласында "Есеп беру туралы есеп берген" АҚШ-тың Есеп палатасының қызметкерлері үздік деп танылды. Шнобель сыйлығының лауреаттарының ішінде, сонымен қатар, Эйфель мұнарасына басты солға қарай еңкейтіп қараған кезде оның не себепті кішірек болып көрінетіндігі туралы психологиялық сұраққа жауап берген голландиялық ғалымдар бар. SpeechJamme құрылғысын жасап шығарған жапон ғалымдары да назардан тыс қалған жоқ. Бұл аппарат көп сөйлей беретін сұхбаттасыңызды миын дезориентациялау арқылы "аузын жабуға" арналған.

ва

SpeechJamme құрылғысы

Сыйлықты бірнеше орыс ғалымдары да алды. Мәселен ресейлік SKN компаниясы ескі жарылғыш заттан алмаз жасап шығарудың жолын тапқан. Ал Санта Барбара университетінде оқып жатқан Руслан Кречетников адамның қолындағы кесесіндегі кофенің жүріп бара жатқанда шашырап, төгілуінің себебін анықтады. Руслан мен американдық Ханс Майердің бірігіп жүргізген бұл зерттеуі де лауреаттар қатарынан табылды.

Әдетте, Шнобель лауреаттарына сыйлықты Нобель сыйлығының иегерлері табыс етеді. Сонымен қатар, жыл сайын шараға құрметті қонақ ретінде өткен жылғы "шнобельдіктер" шақырылады. Осылайша, 2012 жылғы жиынға да абыройлы ғалымдардың қатысуымен өтті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz