Иректен салынған ғажайып суреттер

Иректен салынған ғажайып суреттер

Шашыраңқы иректер. Әдетте мұны адамдар жазбай қалған қаламның сиясын шығаруға немесе зеріккендікті жоюдың таптырмас амалы ретінде қолданатындары бәрімізге белгілі.

Ал Петрозаводск қаласында тұратын Сергей және Вячеслав Савельев есімді ағайынды екі жігіт елтірі деп те атауға келмейтін иректер арқылы адам қолынан келмейтін дерлік ғажап суреттер салудың амалын тапқан.

«Savel» атты бүркеншік есіммен жұмыс істейтін ағайындылар елтірі стилінде сурет салу арқылы Джонни Депп, Роберт де Ниро,  Антонио Бандерас секілді әлемге танымал жұлдыздар мен өздерінің туған-туыстарының бейнелерін қағаз бетіне өте шебер түсіреді. Өнердің осы бір ерекше түрімен айналысуға ағайынды Савельевьерге бар болғаны күнделікті қолданып жүрген қарындаш пен шарикті қалам ғана қажет екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын американдық Натали Айриштің суретті еріндерімен салатыны жайлы сөз қозғаған болатынбыз.

Назарларыңызға сурет салудың тамаша стилімен салынған Савельевтердің туындыларын ұсынамыз.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: drunov.ru

Ж. FM