2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреттары анықталды

2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреттары анықталды
Фото: www.comunidadeculturaearte.com

2016 жылғы Нобель сыйлығын табыстау апталығы басталды. Бұл жұмада химия, физика, биология, жалпы медицина бойынша лауреаттар марапатталды. Алғашқы лаурет та белгілі болды. Ол жапон елінің білікті ғалымы, биологиялық клеткалар маманы Ёсинори Осуми.

Физиология және медицина ғылым салалары бойынша лауреттарды тағайындау кеше, 3 қазаннан басталды. Ёсинори Осуми – Токио Технологиялық университетінің биологы. Оған Нобель сыйлығы «аутофагия механизмін ашқаны үші» берілді.

«Аутофагия» сөзі грек тілінен аударғанда, өзін-өзі жеу деген секілді мағына береді. Жасуша ішінде түзілген зиянды заттарды жою әрекетін ғылымда осылай атап кеткен. Бұл ерекше құбылыс бұрыннан бар, өткен ғасырдың 60-шы жылдары-ақ ғалымдар назарына іліккен. Бірақ олар егжейлі-тегжейлі зерттеп, анығын ашып бере алмады. 90-шы жылдары ғана Осуми толықтай зерделеп, аутофагияға жауап беретін гендерді де айқындады. 

71 жасқа келген данышпан қарт аутофагия тетіктерін өмір бойы зерттеп келген. Аталған еңбек рак секілді қатерлі ауруларды емдеуге таптырмас ғылым. Қалыптасқан дәстүр бойынша Нобель сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді. Биылғы сыйақы мөлшері 8 миллион швед кронасын, яғни 953 мың долларды құрайды.

М. Ақан