Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жасанды сана мамандықтарға әсер ете ме?

Жасанды сана мамандықтарға әсер ете ме?

Жасанды сана мамандықтарға әсер ете ме?

Жасанды сана саласы күн санап дамып келеді. Уақыт өте келе мамандықтар да өзгеруі әбден мүмкін.  Жаңа бағытқа ет үйрену үшін әлі біраз тәжірибе мен білім қажет. Бүгінгі жазбада аталған салада қай жағынан білімді болу керектігі жайлы айтатын боламыз.

Ғалымдар жасанды сана адамның ізденуіне мүмкіндік туғызып отыр дейді. Жаңалықтарды іздеу үшін адамдарда ұмтылыс пайда болады. Сол себепті, жасанды сана мамандықтарға кері әсер етпейді.

Қазіргі таңда өріс алып келе жатқан жасанды сана саласы 15 миллиард АҚШ долларына бағамданып отыр және әлі де тоқтамақ емес. Шамамен 2600 компания ақылды технология жасаумен айналысады. 2020 жылға қарай индустрияның бағасы 70 миллиардқа дейін өсуі мүмкін. Жасанды сана мамандықтардың ішінде дизайнерлерге оң әсер ететін болады. Дизайнер дегенде тек сән әлеміндегі мамандар еске түседі. Олардан да өзге, талғамы ерек, басқа саладағы дизайнерлер бар.

Соңғы жиырмажылдықта осы салаға үлкен мән беріліп келе жатыр. Адамзат болашақта жасалатын үлгілерді жасанды санамен болжап, нанотехнологияларды өзгерте алады. Қарапайым пышақтың немесе қасықтың қазіргі моделін дизайнерлер жасанды санамен өзгерте алады. Бұрынғы тетікті теледидарлар қазір 3D смарт теледидарға айналды. Ендігі жиырма жылда сіз ойламаған үлгілер шығады. Оның бәрін дизайнерлер жасанды санамен жасайды. Сондықтан қазіргі дизайнерлерге жоғары талап қойылады. Сырт қарағанда бұл сала гуманитарлық ғылымның тарауы секілді. Десе де, математикалық ғылымнан да құлағдар болуы тиіс.

Математика

Жоғарыда айтылғандай, жаңа технологиялар сенсорлы, смарт жүйелерге алмасып жатыр. Олардың бәрі белгілі бір сандық жүйемен жүзеге асады. Технологиялық қоғам бар назарын тың машиналарға арнап отыр, олар өз бетімен тірлік жасайтын жаңа роботтардың адамдарға қызмет еткенін қалайды. Оларды жасау кезінде дизайнерлерге де салмақ түседі, машиналардың дұрыс жасауы үшін математикалық заңдылықтарды білу керек. 

Психология

Жасанды сана қолданушымен байланысқа түсуі керек. Ол үшін әр қолданушының психологиясын түсініп, әр түрлі күйге ене алуы тиіс. Жасанды санаға психологияны енгізу қиын, себебі адам санасындағы сезімді жасанды дүниеге ұялату қиын. Сондықтан, алдымен психологиялық күйді іштей сезіну керек. Қолданушыны ренжітіп алса, жасаған ісі көңілден шықпаса, қандай күй кешетінін алдын ала жоспарлау керек.

Социология

Дизайнерлер жасанды санаға қоғамның бір бөлігі ретінде қарау керек пе, әлде қоғам оларға мұқтаж ба деген мәселеге мән берулері керек. Қазір iPhone смартфондарындағы Siri жүйесі алдағы уақытта қоғамның бір мүшесі бола ала ма? Оны әлі уақыт көрсетеді. Мұның бәрі құрастырушыға байланысты. Тәжірибеде жасанды жүйенің қоғамдық теоряны қабылдай алу-алмауы дизайнердің қоғамдағы орнына байланысты.

Биология

Синтетикалық биология – ғылымдағы жаңа бағыт. Ғалымдар биомолекулярлық компоненттерді жаңа құрылымдармен біріктіріп, тірі ағзаларды ДНК-сын тексермекші. Мысалы, жасанды сананың көмегімен раушан гүлінің майын гүлдің өзінен емес, жасанды әдіспен алуға мүмікндік туып отыр. Бұл – қоршаған ортаны қорғауда үлкен көмек. Сол үшін биология мамандарына синтезді өнімдерді алуда көп еңбек ету керек.

Жасанды сана мен шынайы өмірдің арасы уақыт өткен сайын жақындап келеді. Жаңа мүмкіндіктерді болашақ пайдасына шешуге жағдай бар. Сондықтан, жасанды сананы құрастыру кезінде теорияны оған енгізе алатындай етіп ғылым мен білімді өзіміз жете зерттеуіміз керек.

1
Рейтинг: +1

Фото: wallpapercave.com
Қосылған күні: 08 тамыз 2016, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.