Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Лифт қалай пайда болды?

Лифт қалай пайда болды?

Лифт қалай пайда болды?

Қазіргі күндері баспалдақ басып көтерілгенге ерінген кез келген адам үшін лифт құрылғысы таптырмас көмек. Тек электр қуаты сөніп қалмаса деп тілейміз... Ал сіз осы лифтте келе жатып, алғашқы лифттер мен олардың қалай пайда болғаны жөнінде ойланып көрдіңіз бе? Қызық, иә? Ендеше бүгін біз тарих беттерін ақтара отырып, лифт тарихының тарауларына тоқталмақпыз!

Ежелде египеттіктер пирамиданы тұрғызып жатқанда тастарды жоғары шығару үшін бүгінгі лифттерге ұқсас көтермелерді қолданған екен. Ерте заманда гректер жүктерді тасу үшін күші көп құлдарды жеккен. Ал ортағасырда бұл ауыр жұмыс құлдармен бірге малдардың де міндетіне айналғаны жасырын емес.

Әлемдегі алғашқы лифттер Версальде  XV Людовиктің сарайында тұрғызылған. Содан кейін орыс монархтары да өздерінің Қысқы Сарайларына орналастырды. Көбіне олар малды жегіп, солардың күшін пайдаланды.

Лифт құрылысының дамуы арқасында түрлі құрылыс заттары шығып, малдар аз болса да, артық күштен арылып қалды. Алғаш құбырлар, содан кейінгі жылдары гидравликалық лифттер өмірге келіп жатты.

Алғашқы қауіпсіз лифт «Отис» (автордың атымен аталған) фирмасында іске қосылды. Ол өте жай қозғалатын болған. Бірақ бұл лифттердің шынжыры үзіліп кететін жағдайда сақтану қиын болатын. Сондықтан оны адамдар көп қолданған жоқ.

Халыққа арналған электрлік лифттер дүниеге келген соң, оны барлық үлкен ғимаратты үйлер мен баспаналарға орналастыра бастады. Алғашқы электрлік лифттер секундына екі метрлік жылдамдықта жұмыс жасап тұрды. Құрылыс саласындағы темірбетон деген жаңа сөз осы лифттерде жиі пайдаланылды. Ал қазір көздеген қабатқа көзді ашып-жұмғанша жеткіңіз келсе, бір ғана тетікті басасыз да, лифттің қызметіне жүгіне аласыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: img13.nnm.ru, vyasnom.ru, turbosquid.com

2971 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 тамыз 2012, 12:37
Пікірлер
+0
29 тамыз 2012, 13:24

осы лифттан ылғи қорқатынмын. Бір рет ішінде қалып қойғанмын, сосын шығамын дегенше, зәрем ұшты.

+0
30 тамыз 2012, 00:14

қызық екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...