Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғарышты игерудің пайдасы

Ғарышты игерудің пайдасы

Ғарышты игерудің пайдасы

Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарыш­сыз елестете алмайды. 1961 жыл­дың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жете­тiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құ­былысы, мал жайылымы, ауыз су­дың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан же­рiн көрiп, неге игермейтiнiн сұра­дым. Сонда олар: «Бiздер, Еу­ропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түр­лерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiл­меуге тиiс жер,  сол үшiн де ақы тө­лейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiз­дердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пай­да таппас­қа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Де­мек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қал­са, ысырап болады. Мiне, ғарыш­тың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.

Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағ­дайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосфе­расын зерттейдi. Жер ша­рына қаупi бар апаттардың алдын алады.

Жер кiндiгi – Байқоңыр

Аңызға айналған Қорқыт ба­бамыз  жер жәннатын iздеп, дү­ние­­нiң төрт бұрышын аралап, ту­ған топырағы – Сыр өңiрiне қайта келедi. Сонда «бұл жер – жердiң кiндiгi» дептi. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айна­лып жүрiптi. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жер­дiң тартылыс күшi аз, экваторға жақын, ғарыш­ты ұшыруға ең қо­лайлы орын» деген қоры­тынды жасады. Ака­демик С.Ко­ролев ғарыш айлағына орын iздегенде,  бiрнеше өте күрделi шартты ескерген. Ғарыш айла­ғына айналатын жер бiрiншiден, эква­торға жақын орналасуы тиiс әрi жерден ұшқан зымыран орбитаға барынша төте жолмен жетуге тиiс. Екiншiден, оның қа­сында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегi Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш ала­ңына те­мiр жол өтiп, солтүстiк-батыс шалғайда кең жазық дала жату­ға тиiстi едi. Байқоңырдың таби­ғаты осы шарттарға сай келдi. Демек, Қорқыт бабаның бол­жамы шындыққа айналды.

Биыл әлемнiң ең бiрiншi ғарыш айлағы — Байқоңырдың құрылға­нына 55 жыл. Ал адам­заттың тұң­ғыш ғарышқа ұшқа­нына 50 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы бастал­ған-ды. Алғашқы зымыран 1957 жылы тамызда ұшы­рылды. Бұл өңiрден Ю.Гагарин, Н.Леонов, Г.Титов, А.Лавейкин, Т.Әубә­кiров, Т.Мұсабаев сынды ға­рыш­керлер аспан әлемiне сая­хат жасады. Олардың әрбiр са­пары қо­ғамға берген пайдасымен тарихта қалды.  1994 жылы Бай­қоңыр кос­модромын Ресейге жалға беру мерзiмi  20 жылға деп есептелсе, 2004 жылы қаңтар айында 50 жылға дейiн болып, мерзiмi ұзартылды. 1999 жы­лы 29 наурызда Ресей-Қа­зақстан комиссиясы кездесiп, бiрлескен хаттамаға қол қойды. 1997 жылы 4 қазанда Ресей Федерациясы «Бай­қоңыр» кешенiн жалға ал­ған жағдайда, оның аймағындағы табиғатты қорғау мәселесi жө­нiн­­дегi келiсiмге қол қойылды. Десе де, Байқоңырдың пайдасы емес, зиянына қатысты мәлiмет көп. Мәселен, 1999 жылы шiлде және қазан айларында ақаумен ұшы­рылған «Протон» зымыран­тасы­ғышы Қарқаралыға, Атасу кен­тiне құлады. «Байқоңыр» пай­­далануға берiлген  уақыттан берi 1300-ге жуық зымыран ұшы­рылған екен. Зымыран құрамындағы гептилдiң өте улы зат екенi дәлел­денген. Жылдар бұрын «Қазме­ханобр» кәсiпор­ны зымыранның бiрiншi сатысы құлайтын жерлердегi малдың етi мен сүтiне сараптама жасапты. Сонда жануардың ағзасында геп­тил мөлшерден ондаған есе асып кеткен. Ресми емес дерек көздерi бойынша, 40-тан аса апат болған. Бiрақ нақты тыйым салынбаған. Тек 2007 жылы Ел­басы Н.Назарбаевтың iссапар­мен ғарыш аймағына жақын аймақта жүрген кезде жапон жер серiгiн тиеген «Протон-М» зы­мыранын ұшыру сәтсiздiкке ұшырады. Зымыран Жезқазған қаласынан небәрi 50 шақырым қашықтықта құлады. Ол жерде гептилдiң мөлшерi қалыпты жағдайдан 1100-ден 5200-ге дейiн артық болып шықты. Келген шығын 60,7 миллион доллар бол­са, ресейлiктер 2,5 миллион дол­ларын ғана төледi. Осы оқиғадан кейiн «адам өмiрiне қауiп туды­ратын зымырандарды ұшырмау жөнiнде» шешiм шығарылды.

Қазақтың жер серiгi қашан ұшады?

Осыдан екi-үш жыл бұрын «Каz­Sat-1» жер серiгi ұшырыла­тынын естiп, қуанғанбыз. Өйт­кенi, отандық жер серiгiнiң пай­дасы зор едi. Бiрiншiден, отан­дық телеви­зия саласы дамып, көршiлес Қы­тай, Монғолия елiндегi отандас­тарымыз тама­шалай алатын едi. Сондай-ақ, мұнайдың қорын анықтауға да мүмкiндiк алар едiк. Алайда оның сапары сәтсiз болды. Бел­гiсiз себептермен жоғалып кет­тi. Ғарыш саласының маман­дары осы олқылықтың орнын толтыру үшiн «КаzSat-2» Жер серiгiн да­йындады. Жаңа құ­рылым өткен жылдың наурыз айында ұшы­рылуға тиiс бола­тын. Бiрақ ақаулар анықталып, осы жылдың бiрiншi тоқсанына ауыстырылды. «КаzSat-1» Жер серiгiне Ресейдiң «Роско­смос» агенттiгi жауапты болды. Биыл ғарыш айлағынан 19 зы­мыран ұшырылады. Әрбiр зымы­ран 85 миллион доллар табыс әкеледi.

Самғағым келедi…

Қазақ баласы қашан ға­рышқа самғайды? Бұл сұрақ кiм-кiмдi де мазалайтыны анық.

– Алдағы үш-төрт жылда қа­зақтарға орын жоқ, – дейдi  ға­рышкер Т.Мұсабаев. – Өйткенi, ұшу үшiн ғарышкерлер үш жыл бұрын тiркеледi.  Еуропалық ға­рыштық агенттiк өз ғарышкерiн ұшыру үшiн ақысын алдын ала төлеп қояды. Бұрын ғарыш са­па­рын ресейлiктер шешетiн. Қа­зiр бұл мәселенi 16 елдiң ға­рыш саласының мамандары шы­ғарады. Бiздiң ғарышкер­лердiң сапарын қаржы байлап отыр.

Бүгiнде жоғары оқу орында­рының бiрқатарында «Радио­техника, электроника және теле­­коммуникациялар», «Ра­дио­бай­­ла­ныс және радио­навигация», «Жылжымалы бай­ланыс құрал­дары мен жүйелер байланысы», «Радиобайланыс, радиоха­барларын тарату және теледидар», «Көп арналы теле­коммуни­кациялық жүйелер» мамандық­тары оқытылады. Байқоңыр қаласындағы Мәс­кеу авиация институты филиа­лында ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң квотасымен 45 талапкер бiлiм алу­да. Бұл оқу ордасы ғарыш техникасының тiлiн бiлетiн инже­нер маман­дарын даярлайды. Ал негiзгi ға­рыш саласы маманын даярлай­тын оқу орны елiмiзде жоқ. Бұл күрделi мәселе алдағы уақытта шешiмiн табары анық.  Ең бас­тысы, ғарышқа деген бала­лық арман сөнбесе болғаны.

zhasorken.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: qapper.ru
Қосылған күні: 05 маусым 2016, 15:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.