Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Мектеп - кеме...

Мектеп - кеме...

Адамзат баласы "өмір" атты өзенде жүзу үшін, ең алдымен "мектеп" атты кемеге отырады. Ол кемеге небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген толағайлар да отырды, сіз де отырдыңыз, біз де отырдық. Ал сіз талайға білім нәрін сепкен сол ұлы кемелердің қашан, қалай, қайдан бастау алғандығын білесіз бе? Жауабын бірге іздеп көрейік!

Белгілі бір қоғамда тобыр болып өмір сүру – адамзат қауымында ежелден қалыптасқан қағида. Әрбір топ, әрбір тайпа асқақ мақсат пен адал армандарына бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ұмтылған.

Тайпа мен оның құндылықтарын сақтау және болашақ атты ұлы кемені өздері жүргізе алу үшін үлкендерге өз балаларын көп нәрсеге үйрету қажет болды. Ал буыны қатаймаған жасөспірімдерге ата-бабалары аманат еткен салт-дәстүр мен еңбекті сақтау мақсатында білімдерін жетілдіру маңызды еді. Сондықтан «мектеп» деген асқақ ұғымнан бұрын «білім алу» идеясы дүниеге келген.

Күнделікті отбасындағы тәлім-тәрбие бұл олқылықтың орнын толтыра алмағандықтан, жаңа жүйе ойлап табылды. Ол – мектеп еді.

Тарих беттерін қанша рет ақтарсақ та, ең алғашқы мектептің қашан пайда болғандығын анықтай алмаймыз. Біздің бір білетініміз, осыдан бес немесе алты мың жыл бұрын Египетте, сондай-ақ Қытайда және тағы бірнеше мемлекеттерде мектептер болған. Грек және Рим мектептері – бүгінгі заманауи мектептер мен колледждердің ең негізгі бастаулары болып табылады.

Бастапқы кезеңдегі білім беру жүйесі бойынша, бір ұстаз бір ғана шәкіртті оқытатын болған. Ділмарлар мен философтар шәкірттеріне физика, математика, биология саласындағы жаңалықтарды жеткізу үшін бүгінгідей сыныптарда оқытпай, әр түрлі мекендерге саяхатқа шығаратын болған екен.

Әлемдегі ең тұңғыш ұстаз – грек философы Платон тұңғыш рет "академия" деп аталатын білім ордасын ұйымдастырған. Сондықтан да, Платонның ағарту саласында есімі ерекше аталады. Академияның білім беру уақыты 3-4 жылға созылған көрінеді.

Ежелгі мектептер жауынгерлер шынығатын немесе шерулер өткізетін ашық алаңдарда орналастырылған. Бұл алаңқайлардың атауы – гимназиялар еді. Кейіннен атақты Аристотель өз мектебін құрып, оған "лицей" деген атау береді.

Бір қызығы қаншама ғасыр өтсе де, Аристотель мен Платон таққан атаулар өз қалпында сақталып келеді: мектепті Германияда – гимназия, Францияда – лицей, Шотландияда – академия деп атайды. Мұндай атаулар өз елімізде де қолданылады.

Жоғарыда аталған алғашқы мектептердегі сабақтар ауызша өткізілетін болған. Шамамен б.з.д. 250 жылдары ежелгі гректер оқушыларды грамматикаға оқыту керектігін түсініп, жаңа жүйені қолға алады. Уақыт өте келе, Римдіктер египеттіктердің өзгертулерін қолдап, өздері де сол жүйені қабылдайды.

Ол кездегі оқушылар мен бүгінгінің оқушыларының ешбір айырмашылықтары жоқ десе де болады: олар да біз секілді таңертең ерте тұруға қиналатын, тапсырмаларды орындауда ерінетін, мектеп заңдарына бағынатын. Ең сорақысы, жалқаубектер мен тіл алмайтындарды шыбықпен соғатын болған.

ХVIII ғасырда ағарту жүйесі әлемде толықтай қолдау тапты. Адамдар білімнің адам мен қоғамды өзгерте алатын құдіретке ие екендігін мойындап, әрбір ата-ана өз перзенттерін «мектеп» кемесіне отырғызатын болды.

Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай бөбекті қабылдап, таудай тұлға тәрбиелеп шығаратын білім ордалары бірінен соң бірі бой көтеріп келеді.

Ал сіз өз мектебіңіз туралы не айта аласыз?

Суреттер:ubova-poliana.narod.ru,mek-gim.ucoz.kz,million-questions.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 27 тамыз 2012, 11:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->