Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан дауылды ескерту жарияланды, − деп хабарлайды "Қазгидромет".

"Бүгін түнде және 3 мамырда жаңбыр жауады деген болжам жасалғаннан кейін Алматы облысындағы өзендерде су тасу қаупі күтіліп отыр",  делінген хабарламада. 

Еске салайық, Алматыдағы Алатау және Жетісу аудандарында су басу салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Аулаларды лай-батпақтан тазарту жұмыстары қолға алынған. Жұмыстарға 502 адамнан тұратын жеке құрам, техниканың 64 данасы және 20 дана мотопомпа тартылған. Бүгінге дейін 114 аула территориясы тазаланды, 2840 шаршы метр су сорылды, 640 метр жол тазаланды, 1420 шаршы метр көлемінде лай-батпақ шығарылды.  


Алматы әкімдігінің құтқару қызметі Есентай өзеніндегі шлюздерді тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Айта кетейік, 30 сәуірде Алматыда Қарғалы өзені арнасынан шығып, қаладағы ықшамаудандардың бірі су астында қалған еді. Су тасқынының салдарын жою үшін 685 адам жұмыс істеді. "29 сәуір күні кешкісін Қарғалы өзенінің деңгейінің көтерілуі салдарынан Алатау ауданын (Алғабас ықшамауданы, Бейбітшілік көшесі) су басып қалды. Салдарынан 14 үй су астында қалды", - деген еді Иманқұлов. Осыдан кейін Алатау және Жетісу аудандарын да су басты. 

Тексеріс барысында Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданының Бейбітшілік, Желтоқсан, Ақсай көшелерінде 14 үйдің, 27 ауланың су астында қалғаны анықталды. Жетісу ауданындағы Зубаев көшесінде Есентай өзенінің арнасынан асуынан 37 үй, 27 аула су астында қалды.

 Дереккөз: Tengrinews.kz 

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 02 мамыр 2016, 16:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.