Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ғалымдар Жермен "құрдас" мутант-кометаны тапты

Ғалымдар Жермен "құрдас" мутант-кометаны тапты

Ғалымдар Жермен

Ғалымдар Жермен бір уақытта пайда болған делінген мутант-кометаны тапты. Гавай университетіне қарасты Астрономия университетінің Карен Мич бастаған зерттеушілері C/2014 S3 деп аталған комета-астероидының Күн жүйесінің құрылымдалуы кезінде пайда болғанын және жасының Жермен бірдей екенін анықтады, −деп хабарлайды Lenta.ru басылымы Science Advances журналында жария болған зерттеу қорытындыларына сілтеме жасап.

Ғалымдар C/2014 S3 кометасының денесінің ежелгі жартасты болып келетінін, оның Жер секілді қатты ғаламшарлардың түзілу материалына ұқсас екендігін айтып отыр. Бұл астероид Күн жүйесінің орталық бөлігінен атылып шығып, Оорт бұлтының (Құйрықты жұлдыз) аймағына түскен, сол аймақта мұзды күйінде миллиардтаған жылдар бойы болған.  

C/2014 S3 астероиды тұңғыш рет жерүсті Pan-STARRS1 телескобы арқылы бақыланған. Қазіргі уақытта оның Күнді 860 жыл бойы айналып жүргендігі анықталған. Бұл − нысанның бастапқыда Оорт бұлтында болғанын және таяуда оны бір күш Күнге қарай ығыстырғанын, солайша жаңа орбитаға шыққанын білдіреді. 

Алайда C/2014 S3-ті комета дейін десе, оның қозғалысы бірыңғай емес екен. Ғалымдардың айтуынша, C/2014 S3 астероидының ашылуы Күн жүйесінің теориялық құрылымдалуының моделі үшін маңызы зор.

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 02 мамыр 2016, 15:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.