Әлемдегі ең атақты хакерлер

Әлемдегі ең атақты хакерлер

Бүгінгі таңда компьютерлер адам өмірімен тұтас байланысып алмаса да, көптеген адамдардың уақытына тәуелділік жасап, өміріне салтанат құрып алғаны айқын. Компьютердің көмегімен біз қалағынымызды көреміз, қалағанымызды тыңдаймыз. Дүкен аралап шаршамай-ақ интернетте отырып тапсырыс береміз және т.б. Осы бір ақылды техникаға сеніп алғанымыз сонша, барымызды сеніп тапсырамыз: маңызды құжаттар, банк ісіне керекті құндылықтар, т.б. Әлемде мүмкін емес нәрсе жоқ деген бағытты ұстанған епті хакерлердің барын біле тұра осылай жасаймыз. Хакерлер техника әлемінде басты рөлге шығып отыр. Бүгін біз сіздерді тарихта аты қалып үлгерген әлемдегі ең атақты хакерлермен таныстырмақпыз.

Кевин Митник 1963 жылы Калифорния штатында дүниеге келген. 12 жасынан бастап ақпараттық қауіпсіздік пен әлеуметтік инженерияға әуес бола бастаған. Осы әуестігінің арқасында техника саласында көп нәрсеге қол жеткізе алды.

Компьютер арқылы карта жүйесін шарпып алу да ол үшін қиынға соқпады. Алғашында ол сүйіктісімен бірге телефон желілерін бұзу арқылы тегін сөйлесуге ие болды. 1979 жылы телефондар желісі мен АТС те ол үшін артта қалған белес болды. Осының арқасында ол компьютерлік желілерді бұзуды да тез үйреніп, алғашқы экспертизаны өз мектебінен бастаған. Өзінің шеберлігі күннен-күнге артып келе жатқан Митник бірте-бірте Нокиа, Моторола, Фуджиситу және Сименс сынды компанияларға қол сала бастады. Ол 1994 жылдан бастап ұялы телефондарға кезекті «шабуылын» жүргізді. Бірақ 1995 жылы тұтқынға түсіп, 80 миллион долларға шығынға батты. Кейіннен бостандыққа шыққан ол содан бері желілік қауіпсіздікке жауап беретін компанияның атқарушы директоры және хакерлер жайында шығатын кітаптардың авторы. Тіпті бұл атақты хакердің өмірі мен ақпарттық желілерге жасаған «шабуылы» жайында «Бұзу» деген кинофильм де түсірілген.

Кевин Поулсен өз уақытында «Зұлмат Данте» деген лақап атпен білгілі болған.

Оның ең атақты «шабуылы» - сайыс өткізген KIIS-FM радиостанциясының телефон желісін бұзуы. Сол арқылы дәл сол тікелей эфирде Порше 944 автокөлігіне ие болған. Хакер 1965 жылы дүниеге келіп, 13 жасынан бастап қаларалық телефон желілерінің қызығын көрген. Ата-анасы жұмыстан босай алмай баласына аз көңіл аударған. Содан жас бала техникаларға әуес болу арқылы осындай қылықтарды үйрене бастаған. 16 жасында әке-шешесі алғаш компьютер сатып әперген соң сол арқылы өзгелердің желісіне қосымша қосылып, бөтен адамдардың әңгімесін тыңдайтын болған. 18 жасында UCLA желісіне заңсыз бас сұққаны үшін тұтқындалып, қайта болстандыққа шығып кетеді. Өскеннен соң Поулсен компьютерлік компанияда жұмыс жасап, қауіпсіздік жөнініде терең тәжірбие жинады. Түнде ол қайтадан «Зұлмат Данте» бетпердесіне еніп алып, сүйікті ісін жалғастыра берді. Сол арқылы хакер желілерден әскери қатаң құпиялы әңгімелерді тыңдады. Осы әрекетінен кейін оған кибер-қылмыскер деп іздестіру шаралары басталды. 1993 жылы ол өзінің желілерді бұзу операцисының ең сорақысын жасады. Ақыры қолына кісен салынып,  айыппұл  төлесе де, 4 жыл темір тордың ар жағында отырып шықты. Қазір бұрынғы хакер ақпараттық қауіпсіздікке байланысты мақалалар жариялап, журналистикамен айналысады.

Адриан Ламо «Қаңғыбас хакер» деген лақап атпен танылған. Себебі ол үнемі өз мекен-жайын ауыстырып отырған.

1981 жылы Бостонда дүниеге келген. Ол тіпті жас кезінен бастап өз әкесінің Commodore 64 компаниясына қол сала бастаған. 17 жасынан бастап баласын қалдырып көшіп кеткен ата-ана оны бақылаусыз қалдырды. Сол кезден бастап ол компьютерлік техника арқылы басқа да компанияларға «шабуыл» жасауды жатқа меңгеріп алды. Ламоның кесірінен талай рет Microsoft, NY Times, Yahoo, Bank of America компаниялары бұзылды. Бұл арқылы ол тек бұзып қана отырған жоқ, күдіктілерді тауып беріп отырды. Сондықтар ФБР  «көмекшіге» іздестіру жариялауға асыққан жоқ. 2003 жылы қыркүйекте кезекті «шабуылы» кезінде тұтқынға түсіп, 65 миллион айыппұл төлеп, шартты кесіммен жазаланды. 2007 жылы толық бостандық алған ол қазір журналистика саласында қызмет етіп жүр.

Владимир Левин ресейліктер арасынан шыққан алғашқы хакер болды. Ол 1967 жылы интеллигенті жоғары отбасында өмірге келген.

Компьютер ол үшін үнемі хобби саналған. Оны толыққанды хакер деп атауға онша келмейді, себебі ол бұзуға техниканы емес, адам күшін сарп еткен. Хакер 1994 жылы Ситибанктің корпоративті есепшотында үлесі бар тұтынушыларға «шаубыл» жасады. 1995 жылы Лондон әуежайында тұтқынға түсіп қалады. Сонда да банк ұрланған 400 мың қаражатын қайта қайтара алмады. 1997 жылы АҚШ соты да ел қалтасынан 4 милллионға жуық қаражатты тонағаны үшін айыптады. Қылмыскер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонда да оның бұл қылығы жабулы қазан күйінде қалып қойды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: molomo.ru, securitylab.ru

А. Әбілхан