2011 жылы Нобель сыйлығы квазикристал тақырыбындағы жаңалық үшін берілді

2011 жылы Нобель сыйлығы квазикристал тақырыбындағы жаңалық үшін берілді

Нобель комитеті химия саласындағы ең мәртебелі ғылыми сыйақыны Израиль ғалымы Даниэль Шехтманға табыстаған. Алғаш рет "квазикристалл" термині 1984 жылдың 2 қарашасында жарық көрген Physical Review Letters журналының беттерінен кездеседі. Шехтман алюминий мен марганец қоспасын зертегенде, ерекше қасиет пайда болғанын байқаған. Бір жағынан қарағанда бұл қоспа кристалдың барлық белгілерін көрсетсе, екінші жағынан пайда болған материал кристалдарға жат пентагональді симметрия көрсеткен.

Кристалда бесінші дәрежедегі симметриялы білік болмайды, тек үшінші, төртінші, алтыншы дәрежелілер ғана деген нақты заң бар. Ал Шехтман бастаған ғалымдар тобы бесінші дәрежелі білігі бар ерекше материал ойлап тапқан. Кристалға да жатпайтын сияқты, дегенмен, ол кристалдарға тән алыс тәртіп деп аталатын қасиетке ие. Мұның мәні неде? Көз алдыңызға дәптер парағын елестетіп көріңізші. Осы парақты тор көз дәптердегі бір шаршыны жан-жаққа жылжытып орналастыру арқылы құрастыруға болады. Кристалда да дәл осы принцип қолданылады. Трансляционды әдістің көмегімен кристалда да алыс тәртіп пайда болады. Бастапқы ұяшықтан кез келген бағытқа қарай жылжысаңыз, көз алдыңызда бірдей көрініс болады.

Шехтманның ойлап тапқан қоспасы үйлеспейтін екі дәстүрлі қасиетке ие болған: материал бесінші дәрежелі симметриялы білік пен алыс тәртіпті қасиет көрсетеді. Осының салдарынан бұл материалды квазикристал, дәлірек айтсақ, кристалға ұқсас деп атап кеткен. Сол кезден бастап, ғалымдар осындай қоспаға ұқсас 200 материалды қолданып келеді. Квазикристалдардың көмегімен көптеген материалдардың беріктілігін өсіртіп, үйкелістің төмендеуіне қол жетізуге болады. Квазикристалдардың көмегімен көптеген өнеркәсіптерде шығын көлемін айтарлықтай азайтуға болады. Айтпақшы, Нобель сыйлығының сыйақы көлемі 1,46 миллион доллар болды.

Даниэль Шехтман 1941 жылы Тель-Авив қаласында дүниеге келіп, Хайфадағы Израиль технологиялық институтын 1972 жылы бітіріп, сол кезден бастап зерттеулермен шұғылданып жүр. Шехтманның  нәтижелері ғалымдар қауымдастығында пікірталас туғызды. Шехтман жұмысын қорғау барысында,  өзінің жұмыс істеген зерттеу тобын босатуға мәжбүр болған.

Сурет news.tochka.net сайтынан алынған