Биыл ақпан айы тарихта ең жылы болды - NASA

Биыл ақпан айы тарихта ең жылы болды - NASA
Фото: sibkray.ru

2016 жылдың ақпаны зерттеу тарихында Жер бетіндегі ең жылы ай болды, - деп хабарлайды BBC. Бұл жөнінде NASA сарапшылары мәлімдеді.

Ғалымдардың ойынша, ақпан айының мұнша жылы болуына мықты "Эль-Ниньо әсері" ықпал етті. NASA мәліметтері бойынша, ақпан айында Жер бетіндегі жаһандық орташа температура орташа мәннен 1,35 градусқа жоғары болған.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, 2016 жылдың ақпанында ауа температурасындағы ауытқушылық зерттеу кезеңіндегі ең елеулісі болды, яғни 1880 жылдан бері. Айта кетейік, NASA мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қаңтары да ең жылы ай болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік