Енді суретті Айға жіберуге болады

Енді суретті Айға жіберуге болады
Фото: oboi7.com

Израильде жолаушыларға суреттерін Айға жіберу жөнінде ұсыныс жасады.

Бен-Гурион әуежайында 2017 жылы айға ұшырылғалы отырған ғарыш кемесінің көшірмесі қойылған. Ал жолаушылар ғарыш аппаратының жанына барып селфиге түсіп, оны әлеуметтік желіге арнайы хештег арқылы жариялауы керек. Сосын бұл суреттер ғарыш кемесімен бірге жер серігі арқылы айға ұшырылады. Аталмыш аппарат Google X PRIZE байқауы аясында ұйымдастырылған.

Жеңімпаз 30 млн доллар көлемінде сыйлық алады. Жарысқа 12 елден 17 команда қатысуда.

Дереккөз: 24kz

С. Ерсін