Астрофизик Жер қара құрдымға кетсе не боларын түсіндірді

Астрофизик Жер қара құрдымға кетсе не боларын түсіндірді
Фото: tengrinews

Британиялық университеттің астрофизигі Халл Кевин Пимбблет Жер қара құрдымға кетсе не боларын түсіндірді.

Ғалымның пікірінше, егер ғаламшар қара құрдымға жақындаса, Жер гравитациялық нысанға қарай жұтылады. Пимбблеттің айтуынша, бұған қара құрдымның айналасындағы гравитациялық кеңістіктің әртекті болуы себеп. Соның салдарынан ғаламшардың қара құрдымға жақын жағы алыс жағына қарағанда қаттырақ жұтылады.  

Алайда Жер тұрғындары ғаламшардың жоғары массив қара құрдымына қалай жақындап келгенін байқамай қалуы мүмкін. Бұл көтерілу күшінің әлсіз екендігіне байланысты. Сонымен қатар қара құрдым квазардың орталығында болса, онда Жер гравитациялық нысанға жақындап келмей тұрып-ақ материяның шағылысуынан өртеніп кетеді. 

Мұнымен қатар галактиканың ортасындағы қара құрдымдардың Күннен миллион есе ауыр екендігі айтылады. Әрі дамуының соңғы сатысына келген қара құрдымдар жұлдыздармен пара-пар жарық шашады екен.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін