Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Ең ерекше гүл

Ең ерекше гүл

Гүл – кез келген кісінің көңілін көтеретін керемет. Гүл десе, көктем еске түседі. Тура бір айдан соң есік қаққалы тұрған көктем жақындағанын сездіріп, жүрекке қуаныш ұялату мақсатында гүл туралы материал ұсынуды жөн санадық. Алдыңғы жарияланған "Әлемдегі ең алып гүл", "Шоколад иісі шығатын", "Су тисе өзгеретін гүл" материалдарынан таным көкжиегіңізді кеңейтті деген ойдамыз. Бүгінгі кезекте әлемдегі ең ерекше гүлдерге тоқталмақпыз.

Анигозантос Мэнглеза

Батыс Австралияда өсетін көпжылдық өсімдік. Соңғы кезде азайып бара жатқандықтан, арнайы қорғауға алынған.

Пассифлора

Тропикалық шырмауықтың бір түрі. Латын Америка елінде өседі. Ұзындығы 9 метрге дейін жетеді. 

Сепкілгүл (Рябчик)

Еуропада кең тараған гүл. Ал дәл осы шахматты секпілгүл Австрияда көп өседі, жердің бетін толық жауып жататын жерлері де бар деуге болады. Биіктігі 15-35 сантиметрге дейін барады.

Свайнсон

Қып-қызыл көзтартарлық бұл гүлдің түріне қарап асбұршақ пен үрмебұршақ тұқымдасу дегенге сену қиын. Дегенмен, бұл – шындық. Орталық және солтүстік-батыс Австралия өңірінен кездестіруге болады. Ұзындығы – 9-10 см. Алқызыл, крем, ақ түсті түрлері де бар.

Симплокарпус

Бәйшешек секілді қыс біте салысымен шешек ататын гүлдердің бірі. Ақ қардың үстінде ақшыл күлгін түсті болып шырайы кіріп тұрғанымен сарымсақ секілді өткір, ащы иісі бар. Шығыс Азия мен солтүстік Америкада өседі. 

Стангопея

Мексикада өсетін бұл гүлдің 25-ке жуық түрі бар. Шілде мен қазан айы аралығында гүлдейтін күндері ішінде үш күн өте үлкен болады, диаметрі 17 сантиметрге дейін жетеді. Бір жаманы, бұл гүлді өсіру қиын.

Ал сізге қай гүл ерекше ұнады?

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: on-fun-side.com
Қосылған күні: 31 қаңтар 2016, 17:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.