Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Тәулік мезгілдерінің атаулары

Тәулік мезгілдерінің атаулары

Тәулік мезгілдерінің атаулары

Тәулігіне 24 сағат бар. Осы 24 сағаттағы мезгіл атаулары бар екенін білсек те, оны сөздік қорымызға түгел енгізбегенбіз. Кейбір атаулардан тіпті бейхабардармыз. Назарларыңызға тәулік мезгілдерінің атауларын ұсынамыз. 

Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары: бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды.

1. Алакеуім, алагөбе, алаң-елең, алаң-ғұлаң – тәңертеңгі мезгілде айнала әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

2. Құлан иек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бестаған кез.

3. Таңсәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Күн көкжиектен көтерілгеннен кейінгі мезгіл атаулары:

1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

2. Сәске түс – түске жақындаған сезгіл, сағат 12 шамасы.

3. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

Күннің орта мезгіліндегі атаулар:

1. Тал (талға, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат бір шамасы.

Күн еңкейген кездегі мезгіл атаулары:

1. Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ.

2. Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл.

3. Құлама бесін – күн еңкейген кез.

4. Екінті  – түс ауып, күн  батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы.

5. Намаздыгер – күн еңкейіп ұясына кіруге таяған кез.

Күн ұясына бата бастаған кездегі мезгіл атаулары: бұл мезгілді "ақшам, ымырт" деп атайды, оның мынадай атаулары бар:

1. Алакеуім – күн алакөлеңке, ұясына бата бастаған мезгіл.

2. Геуім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт.

3. Намзшам – кешкі намаз оқылатын кез.

4. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған кез.

Түн мезгілінің атаулары:

1. Түн – тәуліктің кештен тәңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы.

2. Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл.

3. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез.

4. Жарым түн – түннің ортасы.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: www.youtube.com
Қосылған күні: 05 желтоқсан 2015, 09:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.