Стэнфорд ғалымдары қатерлі ісіктің орнын анықтайтын аппарат жүйесін құрастырды

Стэнфорд ғалымдары қатерлі ісіктің орнын анықтайтын аппарат жүйесін құрастырды
Фото: deviantart.com

Стэнфорд университетінің (АҚШ) ғалымдары болашақта адамның басындағы қатерлі ісіктің орнын қашықтан анықтайтын аппараттың жүйесін жасады. Трикодерді құрастыру идеясы DARPA агенттігінің жарылғыш затты іздейтін аппарат құрастыруынан басталған.

Зерттеушілер микротолқындар көмегімен адам денесінің белгілі бір аймағын сканерлейтін детектор жүйесін жасаған. Сканерлеу кезінде бағдарға алынған аймаққа жылу таралады. Сосын жылудың көмегімен әртүрлі заттардан ултрадыбыстық сенсор қабылдауға мүмкіндік туады.

Аппарат қатерлі ісіктің сыртқы қабатында жиналатын қан түтікшелерінен тарайтын ультрадыбысты анықтай алады. Нәтижесінде бұрыс жерде қалыптасқан қан түтікшелерінің орны сканерленеді.

Зерттеу жобасының жетекшісі Пьер Кюри-Якуб айтуынша, ғалымдар нағыз трикодерді құрастырудың ең алғашқы сатысынан өткен. Әзірге жүйені адам денесіне бейімдеу мүмкін емес. Мұны жүзеге асыру үшін ғалымдарға кем дегенде 10-15 жыл қажет.

Ж. Өрісбай