Ғалымдар ең қызғаншақ адамдарды анықтады

Ғалымдар ең қызғаншақ адамдарды анықтады

Америкалық ғалымдар қызық тұжырымдама жасады. Олардың айтуынша, адамның іштарлығы оның жынысына байланысты емес екен. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 30 жасқа дейінгі адамдар неғұрлым қызғаншақ болып келеді.

Сондай-ақ бұл сезім уақыт өте келе ешқайда жоғалмайды, тек жас ұлғайған сайын адам іштарлықты сирек сезінеді, делінген Basic and Applied Social Psychology журналында жарияланған мақалада. Сынаққа 18 бен 80 жас аралығындағы 900 адам қатысқан. Қатысушыларға «біреудің қандай да болсын нәрсесін қызғанған кезіңіз болды ма» деген сұрақ қойылыпты. Сондай-ақ олардың өзгелер тарапынан байқаған қызғаныш сезімі туралы да сұралған. 30 жасқа дейінгі қатысушылардың 80 пайызы жыл ішінде өзгелерге қатысты қызғаныш болғанын айтыпты. Ал 30-дан 50 жасқа дейінгілердің тек 59 пайызы ғана бір жыл ішінде іштарлық танытқан.

Әйелдердің 80%-ға жуығы өз қызғанышы туралы айтса, ерлердің 74 пайызы қызғаншақ екені анықталды. Осыған байланысты ғалымдар қызғаншақтық адамның жынысына емес, жас шамасына қарайтын сезім екендігін айтты.

Дереккөз: 24.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Галстук эволюциясы
Галстук эволюциясы
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды