NASA Күнге қатысты жаңа видео жариялады

NASA Күнге қатысты жаңа видео жариялады
Фото: wordpress.com

Күнге тік қарау мүмкін емес. Бұл көздің қарашығына зақым тигізуі мүмкін. Америкалық ғарыш агенттігі NASA Күннің құрылымын толығымен көрсетін видео жариялады. Күн жүйеміздегі жалғыз жұлдыз Solar Dynamics Observatory (SDO) ғарыш аппаратының көмегімен түсірген. 

SDO аппараты әр 12 секунд сайын Күннің ультракүлгін түсті әртүрлі диапазондарын суретке түсіреді. NASA қызметкерлері бір минуттық видео жасау үшін 10 сағат жұмсаған. Бейне 4K сапамен YouTube видеохостингіне жүктелді.

SDO ғарыш аппараты 2010 жылы ақпан айында ұшырылған. Оның негізгі мақсаты — Күн қозғалысын үзіліссіз бақылау. SDO аппараты күн сайын 3 терабайт материал жібереді. Айта кетсек, аппарат 5 жылда Күнге қатысты 2600 терабайт ақпарат жібере алған. Оның басым бөлігі — суреттер. NASA мұрағатында аталған аппарат түсірген 20 миллионнан астам сурет қоры бар.

Ж. Өрісбай