Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Тілдердің әртүрлі қалыптасуына климат түрткі болған

Тілдердің әртүрлі қалыптасуына климат түрткі болған

Тілдердің әртүрлі қалыптасуына климат түрткі болған

Америкалық ғалымдар әлем бойынша қолданыстағы тілдердің бір-бірінен өзгеше қалыптасып, дамуына қоршаған орта мен климат түрткі болғанын айтады. Бұл туралы Американың Акустикалық қоғамының (Acoustical Society of America — ASA) 170-съезінде баяндама жасаған Нью-Мексико университетінің профессоры мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, тропиктік орманды аймақта өмір сүретін адамдардың тілінде дауысты дыбыстарды айту жиілігі төмен болады. Себебі дыбыстың бағытын өзгертіп жіберетін табиғи кедергілер жоқ. Ал жазық далада (мысалы, саванна) өмір сүретін адамдардың тілінде дауысты дыбыстар ырғақпен айтылады.

«Әлемдегі тілдердің дыбыстық моделінің өзгеруіне белгілі бір аймақтың климаты мен экологиялық ортасы әсер етеді. Қарым-қатынас кезінде айтылатын дыбыс кедергілерге ұшырайтын болса, адамдар оны естілуі үшін үлкен ырғақпен айтуға бейімделеді. Нәтижесінде тілдегі акустика өзгереді», — дейді Нью-Мексико университетінің профессоры Иан Мэддисон (Ian Maddieson).

Америкалық ғалымдар мұндай шешімге келуден бұрын 633 түрлі тілді зерттеген. Лингвисттер көбіне бес миллион адамнан артық қолданбайтын тілдерді негізге алады. Сосын әрбір тілдегі дауысты дыбыстардың айтылу ырғағын «акустикалық бейімделу теориясы» негізінде қарастырады. Ғалымдар тілдің өзгеруіне әсер ететін факторлардың тізіміне ландшафттан бөлек, жауын-шашынның жылдық түсімі мен температураны да енгізеді. Себебі кез келген табиғаттағы қозғалыс үдерісі айтылатын дыбыстың таралу мүмкіндігін өзгерте алады. Сәйкесінше оның айтылу жиілігі де өзгереді.

Ғалымдар тілдегі дыбыстардың айтылу жиілігінің өзгеруіне климат пен ландшафттың әсері болатыны туралы теорияның бастауын құстардан алған. Олар бастапқыда ормандар мен ашық аймақтардағы құстардың ән салуын салыстырған. Кейіннен гипотеза зерттеу жұмысына айналып, акустикалық теорияның қалыптасуына негіз болған. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.kent.ac.uk
Қосылған күні: 05 қараша 2015, 12:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.