Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / NASA қызығушылық танытқан алматылық студент Қазақстанның алғашқы ғарышкер әйелі атанбақшы

NASA қызығушылық танытқан алматылық студент Қазақстанның алғашқы ғарышкер әйелі атанбақшы

NASA қызығушылық танытқан алматылық студент Қазақстанның алғашқы ғарышкер әйелі атанбақшы

ҚазҰТУ-дың студенті, павлодарлық Назифа Бақтыбаева Қазақстаннан шыққан алғашқы әйел-ғарышкер болуға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болашақ ғарыш технологияларының инженері ғарышкер-әйел қызметіне құжаттар тапсыруға дайындалып жатыр. "Үкіметтің ғарыш бағдарламаларына үлкен ықылас танытып отырғаны үшін өте қуаныштымын. Қазақстанда ғарышкер-әйел қызметі ашылған күні конкурсқа қатысамын", - деді қыз.

Ол іріктеуден өтуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді. "Ең басты талап - жоғары білімнің болуы, денсаулықтың жақсы болуы. Алдағы жылы мамыр айында мен оқу бітіремін, құжат тапсыруға үлгеремін. Яғни, барлық талапқа сәйкес келемін. Ғарышкерлердің қиындықтарын білмеймін. Тек Америкадағы NASА орталығында саяхат кезінде ғарыш аттракционына мініп көрдім. Дегенмен, қандай қиындық болса да оны жеңетінімен сенімдімін", - деді студент қыз.

Айта кетейік, Назифа Бақтыбаева альпинизммен, құзға шығумен айналысады. Парашютпен бірнеше рет секірген. "Қызметке адам қабылдағаннан бастап мені алуы үшін күресемін. Қазақстанда ғарышкер әйелдің болып, Қазғарышта ерлермен тең жұмыс істегенін қалаймын", - деді ол.

Назифа Бақтыбаева БҰҰ жанындағы ғарыш кеңістігін бейбіт пайдалану ұйымында Қазақстанды таныстырады. Өткен жылдың сәуір айында ол достарымен бірге  "Политех 1" деген атаумен орбиталық спутник жасаған. Осы аппараттың арқасында студенттер ғарыштан алынған ақпараттармен зерттеу жасауға мүмкіндік алды. Биыл маусым айында студент қыз "Байқоңыр" айлағынан тәжірибеден өтті.

Еске сала кетейік, 2012 жылдың наурызында ол Хьюстонда өткен халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды. Ғарыштық жобалар конкурсында Шолпанға апаратын ғарыш кемесін таныстырды. 

Конкурста жеңімпаз атанғаны үшін оған Техас университетінде білім алуға және NASA кешеніне баруға мүмкіндік берілді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Фото: kaz.tengrinews.kz
Қосылған күні: 25 қазан 2015, 10:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.