Ғарышта қашықтықты қалай өлшейді?

Ғарышта қашықтықты қалай өлшейді?
Фото: olmins.info

Қазіргі астрономиялық құрылғылар дамуы арқасында ғалымдар жаңа ғаламшарды, жұлдызды, тіпті алыстағы жұлдыз жүйелерін ашып жатыр. Ал табылған ғарыш нысаны Жерден қанша қашықтықта жатқанын қалай анықтайды?

Жақын аймақта орналасқан нысандар үшін тригонометриялық параллакс әдісі қолданылады. Оның қолданылу құрылымы өте қарапайым. Бармақтарыңызды ашып, алдымен бір көзіңізбен, сосын екінші көзіңізбен қараңыз. Айналадағы заттар орнынан қозғалмағанымен, бармақтарыңыз орнын ауыстырады.

Жұлдыздар үшін де тура осы тәсіл қолданыланады. Белгілі бір ғарыш нысанының тұрақты орнын анықтау үшін ғалымдар телескоп көмегімен алты ай бойы бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жер жарты жылда өз орбитасының жартысын айналып үлгеретіні белгілі. Демек бастапқыда бақылауға алынған нысанға Жердегі телескоп екінші көзбен (нүктеден) қарайды. Содан кейін оның салыстырмалы түрде өзгерген траекториясын аналогиялық өлшеу әдісі арқылы анықтайды. Кейін өлшем жарық жылдарына аударылады.

Бұл тек бірнеше мың жарық жылына тең қашықтағы ғарыш нысандарын өлшеуге арналған, қозғалатын нысандардың қашықтығын анықтауда қолданылмайды. Алыс қашықтағы нысандардың аралығын анықтау үшін өзге де астрономиялық әдістер ойлап табылған. 

Ж. Өрісбай