Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Тунистің бейбіт азаматтары Нобель сыйлығының лауреаты атанды

Тунистің бейбіт азаматтары Нобель сыйлығының лауреаты атанды

Тунистің бейбіт азаматтары Нобель сыйлығының лауреаты атанды

Тунисте халықтық демократияны қалыптастырған «Тунис ұлттық диалогының квартеті» ұйымы Нобель сыйлығын иеленді. Бейбітшілікті аңсаған ұйым 2011 жылы Тунисте болған төңкерістен кейінгі жағдайдың жақсаруына демеу болған. Бұл туралы Нобель комитетінің Ослодағы өкілі Каси Куллманн Фиве мәлімдеді.

Нобель мадақтамасында «Тунистегі төңкерістен кейінгі жағдайды қалыпқа келтіріп, халықтық демократияның дамуына ықпал еткені үшін» деп жазылған. Айта кетсек, «Квартет» 2013 жылы саяси қылмыстардың белең алып, демократиялық үдерістің жойылуға жақын кезінде құрылды. Дамократиялық ұйымның өкілдері Тунис азаматтарының қоғамын 4 негізгі бағытта үгіттеуге тырысып келеді. Белсенді үгіттеулердің арқасында саяси партиялар мен халықтың арасындағы демократиялық диалог қалыптасты.

Швед өнертапқышы Альфред Нобельдің орайы бойынша, бейбітшілікті аңсаған азаматтарға Нобель сыйлығы Стокгольмде емес, Осло қаласында табысталады. Арнайы марапаттау кеші 10 желтоқсан күні өткізіледі.

Осыған дейін Уильям Кэмпбелл (АҚШ), Сатоши Омура (Жапония) мен Ту Юю (Қытай) есімді бактериолог ғалымдар медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаттары атанса, Артур Б. Макдональд (Канада) пен Такааки Каита (Жапония) есімді физиктер нейтринді осцилляцияны ашқаны үшін ең беделді сыйлыққа ие болды. Сонымен бірге, ДНҚ-дағы генетикалық ақпаратты сақтай отырып, жасушаларды емдеу әдісін ұсынған ұлыбританиялық Томас Линдаль және америкалық Пол Модрич пен Азиз Санкар (түрік текті америкалық) есімді ғалымдар химия саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленгені белгілі. Ал күні кеше аталған сыйлыққа «бүгінгі ғасырдың қасіреттері мен ауыртпалықтары шығармаларында көркемдікпен үндестік тапқаны үшін» белорус жазушысы Светлана Алексиевич лайық деп табылды. Оның «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Зачарованные смертью», «Последние свидетели», «Чернобыльская молитва» атты кітаптары — шын мәнінде өзгеше дүниелер. Өткен жылы Алексиевич өзінің «Голоса Утопии» циклінің «Время секонд-хенд» аталатын соңғы кітабын шығарды.

Нобель сыйлығының 2015 жылғы сыйақысы 8 миллион швед кронын қамтиды. Бұл 953 мың АҚШ долларына тең.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.huffingtonpost.com
Қосылған күні: 09 қазан 2015, 15:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.