Ғалымдар кактустардың келешегіне алаңдаулы

Ғалымдар кактустардың келешегіне алаңдаулы
Фото: 24.kz

Жер бетіндегі кактустардың барлық түрінің үштен бір бөлігіне жойылу қаупі төнді. Олар ғаламшардағы неғұрлым осал өсімдіктер тізіміне енгізілді.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, кактустардың 1478 түрінің 31 пайызы толық жойылып кетуі мүмкін. Бұл өсімдіктер сүтқоректілер мен құстарға қарағанда неғұрлым тезірек жойылуда.

Тікенекті өсімдіктің жойылуына оның оңды-солды кесіліп сатылуы себеп болған. Сондай-ақ кактус өсетін жерде мал шаруашылығын дамыту да оның болашағын бұлыңғыр етуде. 

Ұзындығы 1 сантиметрден 19 метрге дейінгі кактустарды коллекция жинаушылар аса бағалайды: себебі олар түсін алуан түрлі етіп құбылтып, ойламаған жерден гүлдей береді. Ал арнайы халықаралық шартқа сәйкес кактустың сирек түрлерін саудалауға тыйым салынған.  

Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін және сол себепті Қызыл кітапқа енген кактус түрлері Солтүстік және Оңтүстік Америка, Чили, Уругвай, Мексика мен Құрама Штаттарда өседі.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы