Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ

Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ

Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ

Оның өмірінде ойлағанының бәрі болмаса да, бірқатары жүзеге асқанға ұқсайды. Олай дейтініміз қазақтың қарапайым қарадомалақ баласы Достай өз ұлты ғана емес, елден тысқары басқа ұлттар да құрметтеп, сыйлайтын адамдардың біріне айналған.

Қазіргі заманда адамды әп-сәтте бүкіл әлемге танымал ететін құжат бар. Өзі бір жапырақ болғанымен, одан үміткерлер мыңдап саналатын осы бір қағазда – «Нобель сыйлығының лауреаты» деген сөз алтын әріппен жазылады. Сондымен бірге, бұл құжатты салтанатты тапсыру рәсімі дүние жүзінің телевизиялық жүйесі арқылы әлем жұртшылығының көз алдында өтеді. Халықаралық марапатқа қолы жеткендердің бірі – қазақ баласы Достай Раманқұлов. Ол Нобель сыйлығымен марапатталған бірінші қазақ, нақтырақ айтсақ, тәуелсіз еліміздің тұңғыш өкілі.

Әрине, Достайдың алақанына бақыт құсы өзі келіп қона салған жоқ. Ол Қазақстан Республикасы Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «Қазатомэнергопром» Ұлттық Атом компанияларында қызмет еткен. Кейін халықаралық МАГАТЭ ұйымының жауапты қызметкері болып тағайындалады. МАГАТЭ ұйымы мен оның бас директоры Мұхаммед әл-Барадей Нобель сыйлығының 2005 жылғы лауреаты атанған кезде, МАГАТЭ атынан марапатқа лайық деп табылған 11 адамның ішінде Достай да болған.

МАГАТЭ ұйымы Атом энергиясын бейбітшілік мақсатта қолданылуын үндейді,  қазіргі таңда оған 131 ел мүше. Ішінде тәуелсіз Қазақстан да бар. Халықаралық агеттікте 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал Нобель сыйлығының лауреаттығына осыншама қызметкер ішінен Достай сынды 11 кәсіби маман ғана таңдап алынған. 

Ғылым, техника және басқа да салалар бойынша бір мезгілде 8 адамға дейін осы сыйлықты иемдене алады. Ал ұйымдарға берілген кезде, олардың саны артатыны белгілі. Соның барлығына «Нобель сыйлығының лауреаты» деген диплом тапсырылып, омырауына Альфред Нобельдің алтын бейнесі тағылады. Ең бастысы халықаралық сараптамаларға беделді, басты тұлға ретінде қатыстырылады.

Достай Раманқұлов 1960 жылы Түркiстан қаласында дүниеге келген. Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн тәмамдайды. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарының бірінде білімін шыңдайды. Елімізде Атом қуаты жөнінде құрылған комитетте қызмет істейді. АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді. 1998 жылдан берi МАГАТЭ ұйымында жұмыс iстейдi. Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Аустрияның астанасы Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: өңделген
Қосылған күні: 06 қазан 2015, 09:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.