Әлемдегі ең кішкентай фотокамера

Әлемдегі ең кішкентай фотокамера

Бүгін біз сіздерге Жапонияда жасалған MAME-CAM фотокамерасы жайында әңгіме қозғамақпыз.

Оның басқа аппараттардан қандай айырмашылығы бар дейсіз бе? Бұл фотокамера – әлемдегі ең кішкентай фотоаппарат. Жеңілдігі 11 грамды құрайтын бұл фотокамераны бір ғана саусақтың ұшымен ұстап тұруға болады.

Әлемдегі ең кішкентай бұл фотокамера JPEG форматында 1600×1200 пиксельде суретке түсіреді. Құрылғыдағы картаның  сыйымдылығы microSD-ден 32 гигабайтқа дейін жетеді.

MAME-CAM камерасын басқа камералармен салыстырғанда нашарлау болғанымен, ұялы телефондардың камерасынан кем емес. 640×480 пиксельді AVI форматындағы MAME-CAM камерасымен тіпті видео да түсіруге болады екен.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: nevozmozhnogo.net

А. Әбілхан