Плутонда «жылан терісіне» ұқсас жер табылды

Плутонда «жылан терісіне» ұқсас жер табылды
Фото: nasa.com

NASA ғарыш агенттігі Плутонның «Жаңа көкжиектер» ғарыштық аппаратының көмегімен түсірілген суреттерін жариялады. Жақыннан алынған топографиялық суреттердің бірінде жыланның терісіне ұқсас нәрсе көрінеді.

«Жаңа көкжиектер» зонды Плутон ғаламшарынан алыстап кеткен болса да, оның бұрын түсірген сапалы суреттері NASA ғарыш агенттігінің Жердегі радиолокациялық аппараттарына енді жеткен. Ғалымдар бұл суреттердің көмегімен Плутон литосферасының топографиялық және композициялық бедерін зерттей алады.

Плутонның солтүстік бойлығындағы территориясы жылан қалдырып кеткен теріге ұқсайды. Сондықтан америкалық ғалымдар бұл жерді «жылан терісі» деп атады.   

Ж. Өрісбай