Philae аппаратымен байланыс үзіліп кетті

Philae аппаратымен байланыс үзіліп кетті
Фото: www.businessinsider.com

Өткен жылы кометаға сәтті орныққан Philae аппаратымен байланыс үзіліп кетті. Ғалымдардың ойынша, аппарат кометаның көлеңкесінде қалып қойған.

«Біздің команда бұл проблеманың себебін анықтап жатыр. Әзірге бірнеше болжаммен ғана шектеліп отырмыз», - дейді Еуропа ғарыш агенттігінің ресми өкілі.

Айта кетсек, Philae аппараты Rosetta ғарыш станциясының көмегімен өткен жылдың желтоқсан айында 67Р кометасына қондырылған болатын. Аппарат кометада орнығып, Күннің жылу құрылымын зерттеуі тиіс еді. Бүгінге дейін біршама ақпарат өңдеп, Жерге жеткізе алды. Енді ғалымдар комета орбитасында айналып жүрген Rosetta станциясының көмегімен проблеманың себебін анықтамақ.

Ж. Өрісбай