Ғалымдар электрондарды бақылайтын транзистор құрастырды

Ғалымдар электрондарды бақылайтын транзистор құрастырды
Фото: www.latimes.com

АҚШ, Жапония және Германия елдерінің ғалымдары қосымша атомдары бар, тек бір ғана молекуланың бөлшегінен тұратын транзистор құрастырды. Ұсынылған транзистор бір бағытпен қозғалатын электрондарды бақылау үшін қолданылады. Бұл наноматериалдар мен мини-элетроникалардың келесі ұрпағы болмақ.

Адам баласына ауа мен азық қалай керек болса, заманауи электроника үшін транзисторлар да сондай. Айта кетсек, заман талабы мен технологияның дамуына сай транзисторлардың көлемі де кішірейе түсті. Бірақ оның шарықтау шегі болып, қолданыстан шығарылды. Халықаралық құраманың еңбегі транзисторларды тағы да кішірейтуге болатынын дәлелдеді.

Бүгінгі электроникада транзисторлар негізінен өшіру немесе қосу фунцияларын атқарады. Екі функцияның арасында шамамен 30 атом Браундық қозғалыста (атомдардың бей-берекет қозғалысы) жүреді. Егер екі функцияны бір-біріне жақындатса, атомдар өзара электрондарымен алмасады. Бұл электронның тік бағытының жоғалуына алып келеді. Ғалымдардың бүгінгі жаңалығы осы алмасудың шешімі болмақ.

Қазіргі транзисторлардың қызметі

Бұл мәселені шешу барысында ғалымдар бірнеше кедергілерден өткен. Айта кетсек, толық компонентті бақылауға алу үшін әрбір электронның қозғалысын зерттеу керек. Пауль Друде атындағы қатты дене электроникасы институты (Германия), Іргелі зерттеулер зертханасы (Жапония) мен Әскери-теңіз зерттеулері зертханасы (АҚШ) аталған мәселе алдындағы кедергілерден өтіп, молекула транзисторын құрастырды.

Транзистор тұрақты сканерлеуші микроскоптың көмегімен жасалған. Ал тәжірибе жүзінде индийдің арсенид кристаллы қолданылып, оның 12 атомы бір бағытқа қойылды.  Атомдардан туннель қалыпты шеңбер жасау үшін фталоцианин молекуласы қолданылған. Индий атомдары бағыттаушы күшке ие болғаннан кейін транзистордың қызметін тұрақты қалыпқа келтіреді.

Жаңа инновациялық ашу болашақта бірнеше қызметті бір уақытта атқару мүмкіндігін беретін транзисторларды құрастыруға негіз болмақ. Айта кетелік, электрондардың бір-біріне жақындаған кезде тұрақтылығын сақтай алуын Эрнест Резерфорд та өз тәжірибелерінде қарастырған болатын. Тек ол кезде транзисторлардың мүмкіндігі бүгінгідей емес еді.

Ж. Өрісбай