Ғалымдар: 2020 жылы кіші мұз дәуірі басталады

Ғалымдар: 2020 жылы кіші мұз дәуірі басталады
Фото: www.theblaze.com

Ғалымдар келесі онжылдықтың кіші мұз дәуірі болатынын болжайды. Зерттеу 2020-2030 жылдар аралығында Күн циклдері өзгеріп, Маундер Минимумы болатынын көрсетті.

Британиялық басылымдардың жазуынша, Күн белсенділігінің жаңа моделі сәулелердің циклдік өрісінің өзгергенін көрсеткен. Валентина Жарокованың жасаған болжамына сенсек, XXI ғасырдың үшінші онжылдығында Күннің белсенділігі 60%-ға төмендейді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі Уельстің Лландидно қаласында өткен астрономдар жиынында ресми таныстырылды.

Валентина Күннің 26-ншы циклінде оның қарама-қарсы полюстерінде әрекетке келетін толқындардың бірін-бірі жауып қою ықтималдылығы бар екенін айтты. Бұл Күн сәулесінің әдеттегідей таралымын төмендетіп жібереді. Нәтижеде Маундер Минимумы болады.

Маундер Минимумы – 1645-1715 жылдар аралығында болған Күн дақтарының жоғалып кету процесі. Ол кезде Лондондағы Темза өзені мұзға оранған болатын. Ғалымдардың пікірінше, толқындар бір бағыттағы фазада болып, Күннің белсенділігін бірден арттырып жібереді яки екі түрлі фазада болып, белсенділікті төмендетеді.

Жарокова командасы Уилкокстағы Күн обсерваториясында мұқият зерттеу жұмыстарын жүргізген. Олардың айтуынша, болжамның шын болып шығуының ықтималдылығы – 97%.

Ж. Өрісбай