Жапондар ғарыштан

Жапондар ғарыштан "жұлдыз" жаудырумен айналысады

Жапониялық ALE компаниясы аспаннан "жұлдыз" жаудырумен айналысады. Қызмет небары 8 мың доллар тұрады, - деп жазады Space.com.

Бұл мекемені жапониялық Лена Окадзима және оның физик, геолог достары құрған. Мұндай идея оларға ғарыштан лақтырғанда метеорит секілді жарқырап жанатын қоспа жасап шығарғаннан кейін келген екен.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл "жұлдыздарды" тек бір қала емес, жақын орналасқан бірнеше елді мекеннің тұрғындары көре алады.

Қоспаны ғарыштан CubeSat нано-спутнигі лақтырады. Айта кетелік, қоспа кішкене шарларға құйылады. Спутник Жерге қоспаның өзін емес, сол шарларды жібереді.

Компаниядағылардың айтуынша, оларға планетологтар хабарласып үлгерген. Ғалымдар атмосфераға түскен дененің жылдамдығы, түсу бұрышы оның жарқырап жануына қалай әсер ететінін зерттегісі келеді екен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
iPhone 12-нің бағасы қанша?
iPhone 12-нің бағасы қанша?
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды
Танымал дәрігер Әділжан Хамзин көз жұмды
Воркута лагерінде күй тартқан қазақ
Воркута лагерінде күй тартқан қазақ
Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Елде магистратура мен докторантураға қабылдау басталды
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады
Ағаш сақинасына қарап климаттық өзгерісті анықтауға болады